Ер адам әйелінің қандай болғанын қалайды?

Ер адам әйелінің қандай болғанын қалайды?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1. Әдемі болғанын. 

Әйелінің өзі үшін ғана сәнденіп, әдемі киімдер киіп, хош иістер себініп жүруімен қатар, жан-дүниесінің де сұлу болғанын қалайды. Яғни, жарының бойынан қарапайымдылық, мейірімділік, адалдық сияқты адамгершілік қасиеттерді көргісі келеді. Жанында жылы жүзді, қиналғанда сырлас досы бола білетін, ақкөңіл, жұбайын да, өзгелерді де сыйлай білетін, кеңпейілді, ерінің айтқанын екі етпейтін, ақылды әрі сабырлы әйелдің болғанын қалайды.

2. Барды қанағат тұтып, шүкіршілік ете білгенін.

Еріне үнемі көңілі толмай, «жоқты» айта беретін әйелді емес, керісінше, әрдайым ризашылығын білдіріп, әкеліп берген табысын орнымен жұмсап, барға қанағат, жоққа сабыр ете білетін әйелді ұнатады.

3. Балаларына жақсы ана болғанын. 

Жақсы ана болу – баланы өмірге әкеліп, қарнын тойдырып, киімін таза ұстаумен ғана шектелмейді. Жақсы ана – перзенттерінің бойына адами қасиеттерді сіңіріп, жақсы азамат болып өсуіне бар күш-қайратын жұмсайтын, жұбайы екеуінің артынан ізгі ұрпақ қалдыруды мақсат тұтатын әйел.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: