Ауыра қалсақ, дәрі-дәрмекті, әсіресе антибиотиктерді көп қолданып, тезірек айығып кетуге тырысамыз. Бірақ ол антибиотиктер ауруымызды басқанымен, басқа ағзаларымызға (бауыр, бүйрек, өкпе т.б) зиян келтіреді. Сол себепті ауыра қалсаңыз, денсаулыңығыңызға зиян келтірмей тез жазылу үшін мына табиғи антикбиотиктерді қолдануға кеңес береміз:
- Ақжелкек (хрен). Құрамында қыша майы мен энзим бар. Олар ауыз қуысы, мұрын, тамақ бактерияларын жояды. Бронхит, жөтелде оны үккіштен өткізіп, балмен араластырып күніне 3-5 рет жейді.
- Мүкжидек (клюква). Тұмауда, вирустарға қарсы, несеп айдайтын қасиетке ие антиоксидант. 2 ас қасық мүкжидекті жарты литр сумен араластырып ішкен жөн.
- Сарымсақ. Зиянды бактерияларды, ішек паразиттерін, ішкі ағзалар мен тыныс жолдаындағы вирустарды жояды, қан қысымын реттеп, рактың, асқазан ауруларының алдын алады. Бір тіс сарымсақта 400 ге жуық пайдалы элементтер бар.
- Райхан (базилик). Ангина, бас ауруында, ісіктерде жақсы көмектеседі.
- Көкжидек (голубика). Бұл жидек – табиғи аспирин болып табылады, сондықтан ауруды басатын, қабынуға қарсы қасиетке ие.
asylsoz.kz