Әйелдер жамағатына апта сайын уағыз өтетінін білесіз бе?

Әйелдер жамағатына апта сайын уағыз өтетінін білесіз бе?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Қыздар-әйелдер секторының ұйымдастыруымен мешіттерде нәзік жандыларға арналған уағыз-насихат жүргізіліп тұрады. Осындай дәстүрлі жиын "Һибатулла Тарази" мешітінде апта сайын өтіп, түрлі тақырыптар уағызға арқау болады.

Ақпан айында әр апта сайын жүргізілген насихатқа түрлі ұстаздар келіп, жамағатпен жүздесіп, жан-жақты алған білімдерін беруге талпынды. 

"Һибатулла Тарази" медресесінің ұстазы Наркес Боханов "Исламдағы кешірімділік" тақырыбында сөз сөйлесе, облыстық мешіттің наиб имамы Бахтияр Амиреев "Фатиха сүресінің тәпсірі", ал, ҚМДБ-ның Қыздар-әйелдер секторының Жамбыл облысындағы өкілі Гүлжан Алдасаева "Тұрмыс құру - үй болу", сондай-ақ, ай соңына қарай ұстаз Наркес Боханов "Қиямет күнінің белгілері" атты уағыз жүргізді.

Білікті ұстаздар көпшіліктің көкейкесті сауалдарына жауап беріп, шариғат тұрғысынан мысалдар келтірді. Түрлі ұстаздардың рухани нәр берер насихатын тыңдағысы келген оқырман да әр аптаның сенбі күні сағат 14.00-де әйелдер намазханасына келе алатынын еске саламыз.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: