Кеше Т.Рысқұлов ауданына қарасты имам-молдалардың кезекті жиналысы болып өтті. Жиналыста аудан имамы Сұлтаншәріп қажы имамдарға обылыс өкілі Қанат Жұмағұлды таңыстырыды. Сондай-ақ, маусымдық іс-шаралар туралы тапсырмалар беріп, алдағы уақыттарда назарда ұстайтын басты мәселелер айтылды.
Мәжіліс күн тәртібінде ҚМДБ-дан 2019 жылды «Ислам және Жастар» жылы деп жариялауына орай атқарылатын іс-шаралар жоспары талқыланып бекітілді. Сонымен қатар, жалпы мешіт құжаттарын жөнге келтіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алда көктем айында мешіт маңын абаттандырып, көріктендіру және сенбіліктерге белсенді қатысу қатарлы біршама мәселелер талқыланып, шешімдер шығарылды.
Әбілда Мейірханов.