Көшпелі уағыз дастарханы жайылды

Көшпелі уағыз дастарханы жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Ас - адамның арқауы" дейді халқымыз. Ас басында жиналу, дәмдес бола отырып тілдесу нәтижелі істің бастауы. Ақ дастарханын киелі санаған еліміз қонағын аспен сыйлап, мәжілістерде де дәм татқызған.

Дәл осы салтпен әрі жамағаттың басын әдеттегіден ерекше дастархан басында қосу, әрі рухани күш-қуатты арттыратын уағыз айту мақсатында ұйымдастырылған "уағыз дастарханы" енді Тараз қаласындағы "Асым ата" мешітінде жасалды. 

Дәстүрге айналған жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл арнайы қатысты. "Һибатулла Тарази" медресесінің ұстазы Нұралы Бақытұлы көпшілікке "Білім алудың маңызы" туралы насихат айтты. 

Іс-шарада өкіл имам рухани мәні бар мардымды сөз сөйлеп, "Асым ата" мешітінің имамы Хамидулла Ахметовке дін жолындағы қызметі мен белсенділігі үшін алғыс хат табыстады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: