Меркі ауданының №11 өрт сөндіру бөлімінде қызметкерлермен кездесу болып өтті. Қазіргі таңда, күрделеніп кеткен, кей жағдайда шектен шығып, дәстүрлі Ислам дініне қара күйе жағатын, дін бұзушылар кездесіп жатады. Бұл мәселе бойынша, мемлекетіміз ауқымды іс-шаралар жүргізіп жатқаны белгілі. №11 өрт сөндіру бөліміндегі кездесу осының бір айғағы.
№11 өрт сөндіру бөлімінің басшыларының ұйымдастыруымен өрт сөндіру қызметкерлерімен дін мәселесі жайында сүбелі сұхбат жүргізілді. Кездесуде болған бас имам Батырбек қажы Қасымалиев дәстүрлі Ислам дінінің қағидаларын бүге-шегесіне дейін толыққанды жеткізді.
Дінімізді қаншалықты қаралағанымен дәстүрлі Ислам дінінен олар ойлағандай адам баласына зиянын тигізетіндей жаман іс-әрекеттер ешқашан таппайды. Сол себепті, ешқандай алаңдауға негіз жоқ.
Кездесу соңында, өрт сөндіру қызметкерлерінің көкейде жүрген сауалдарына жауап беріліп, еліміздің амандығы үшін дұға жасалды.
Меркі ауданы,
аудандық «Меркі ата» мешіті