Шу қалалық «Жәми» мешітінде жұма намазында бас имам Қуат қажы Дүйсенбайұлы «Дін атын жамылған жат ағымдар» тақырыбында уағыз жүргізді.
ҚМДБ-ның бекіткен уағыз тақырыбы бойынша жиналған жамағатқа Ислам дінінің құндылықтарын айта келе, Исламның атын желек етіп, ой санасы қалыптасып, көзқарасы тұрақтап үлгермеген азамттарды жолдан тайдыры, еліміздің ішкі тұрақтылығына қауіп төндіру – келешегімізге қол салғысы келетін теріс ойлы болудан сақтану керек екендігін айтты.
Сақтанудың бірден-бір жолы ол, діни ілімнің іргетасын мықтап қалап, сондай-ақ білімді жергілікті мешіт ұстаздарынан біліммен сусындап еліміздің облыс орталықтарында медреселерден алу керектігін жеткізді. Ислам қоғамның тұтастығын сақтаушы, ауызбірлік-ынтымаққа шақырушы дін екенін уағыздады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қамқорлығымен, мемлекетіміздің қолдауымен қаңтар айының 5-6 жұлдызында «ЖУСАН» операциясы өткенін мәлімдеп, жиналған жамағатқа өткен операцияны түсіндіріп Сириядан қайтарып алып келген 47 адамның оралуының видео ролигін көрсетіп, сондай-ақ қайтып келген қандастарымыздың өкініштерін роликтен тамашалады.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі