Қайырымдылық асыл дініміздң басты ізгілік амалдар болғандықтан ҚМДБ-ның басты жұмыс бағыттары екені баршаға мәлім. Аталмыш ізгі істерді үздіксіз жалғастыру Қордай ауданы бойынша мешіттердің алға қойған басты мақсаттары. Ақпан айы ішінде аудандық «Қордай» мешіті көпбалалы отбасына және мүгедек балалы отбасына қаржылай көмек көрсетсе, аз қамтылған 3 отбасына азық-түлік жиынтықтарын үлестірді.
Бетқайнар ауылдық мешітінің имамы Н.Жиенбаевтың ұйымдастыруымен ірі қара мал сойылып, 12 отбасына таратылды. Игі іс-шаралар аталмыш жұмыстармен тоқталмай, аз қамтылған отбасыға үйіне газ кіргізуге де мешіт жамағаты бірлесіп, қаржы жинап, имам Н.Жиенбаев ұйымдастыру жұмыстарымен шұғылданып, ауылдағы тағы да бір үй көгілдір отынның қызығын көруде. Риза болған отбасылар, дін қызметкерлеріне алғыстарын жеткізуде.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі