Барлық мақтау мен мадақ бүкіл Әлемнің Раббысы Аллаға болсын. Оның сарқылмас сәлемі мен игілігі Оның ең көркем жаратылысы Пайғамбарлар мөрі болған Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) болсын.
Нұсқаулық қайнар көзі
Алла Тағала адамзатқа Өзінің ұлылығын Құран мен Өзінің Сүйікті Пайғамбары Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арқылы дарытқан. Құран кітап түріндегі жол бастаушы болса, Пайғамбар - оның жолсерігі және тәжірибелі ұстазы.
Алла Тағала Құранда былай дейді «Мұғжизалармен, кітаптармен (пайғамбарлар жібердік). Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине олар түсінер » (Нахл сүресі, 44 аят)
Сонымен қатар: « ... Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неменеден тыйса, одан тыйылыңдар әрі Алладан қорқыңдар. Сөзсіз Алла, қатты азап иесі » (Хашыр сүресі, 7 аят)
Осылайша Құран мен Сүннет әрқашанда күмәнсіз адам баласын тура жолға бастаудың алғашқы сатысындағы жол көрсетуші болып табылады. Айта кету керек, Құран талассыз Алланың сөзі, дей тұрғанмен ол жалғыз өзі ғана нұсқаулық болып табылмайды. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға Алланың сөзін түсіндіріп, оны тәжірибеде көрсету үшін жіберілген. Пайғамбарды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Алла Тағала Өзінің заңын орнатуда ең жоғары дәрежеге көтерген. Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Құран түсіндірмесі жалғыз ғана дұрыс тәпсір болып табылады. Сондықтан да, кімде кім Құранға иман еткен болса, Құранның өзі бекіткендей оны Пайғамбардан (оған Алланың иглігі мен сәлемі болсын) келген заң деп қабылдауы қажет. Құран тәпсірін қош көрушіні Алла Тағала Бақара сүресінің бас жағында мына аятпен ескертеді: «... Алла, ол мысал менен көптегенді адастырып, әрі онымен көптегенді оңғарады.(Мысалдарға қарсы келіп адасқандар да, шындық та болады негізінде).Ол тапқандар бұзықтарды ғана адастырады. » (Бақара сүресі, 26 аят)
Алланың Кітабы мен Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінің үндестігі
Ежелден- ақ Алла Тағала адамдарға әмірін тек Кітап жүзінде ғана жеткізген жоқ.Және де Алла Тағала адамзатқа бір ғана Пайғамбар жіберіп Өзінің сарқылмас даналығын көресткен жоқ. Адам баласының қолында үнемі басшылық етер кітабы және артынан ерер Пайғамбары болған. Сондықтан да, адам баласына насихат жасау үшін бір ғана Кітап немесе пайғамбар жеткіліксіз екендігі осыдан белгілі болып отыр.
Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) соң да Алланың әмірін сақтау
Құран Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірден озса да үмметпен өмірдің соңына дейін бірге болатын Алла Тағаланың ғаламат кереметі. Алла оған былай деген: «(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын да адам баласына мәңгілік (өмір) бермедік. Ал егер сен өлсең сонда олар мәңгі қала ма? »(Әнбия сүресі, 34 аят)
Алла Тағала Өзінің Сүйікті Пайғамбары (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жер бетіндегі өз міндетін атқарған соң Оған қайтуы керек деп жазып қойған. Осы жерде: «Үммет Құранмен және Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жинақталған хадистерімен қалды ма, әлде одан басқа да басшылыққа алар нәрсе бар ма?» Деген сұрақ туады. Бұл сұрақтың жауабын Құранды ашушы әрі күніне жоқ дегенде 17 рет оқуымызға тиіс Фатиха сүресінен табамыз. Ақиқатты іздеген адам өзіне басшы іздер болса, Алла Тағала оның жолын ашып қояды. Бұл жолдың қандай жол екенін Алла Тағала былай деп сипаттайды: «Бізді тура жолға сала көр! Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес! »(Фатиха сүресі, 6 7 аят)
Яғни, Қиямет күніне дейін адам баласы тура жолға «Рижәлу Ллаһтың» көмегімен, яғни Алла Тағала басшылық берген адамдар арқылы тура жолын таба алады. Осы себепті Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сахабаларына үмметінің 73 тармаққа бөлінетінін және соның біреуі ғана ақиқатта болатынын айтқан кезде сахабалар қызығушылық танытып, олардың кім екенін сұраған кезде ол: «Олар менің соңымнан және сахабаларымнынң соңынан ергендер», - деп жауап берген . (Әт- Тирмизи)
Ұстаздан шәкіртке
Осыған негіздей отырып, біздің ғалымдарымыз шынайы сенім кітаптан оқып, өз бетінше түсінгендей емес, «ұстаздан шәкіртке» жеткендей жетуі қажет деп санаған. Абдуллах ибн әл-Мубарак былай деген: « Иснад (жеткізушілердің тізбегі) - діннен. Егер иснад болмағанда әркім қалағанын айтар еді! »(имам Муслим). Сондықтан да Алланың алдында Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына, онан соң келесі ұрпаққа тізбек арқылы біздің күнімізге дейін жеткен ілім қадірлі. Осылайша шынайы ілім өзінің байыбын және айқындығын жалғандық пен құрып кетудің небір түрінен сақтаған. Егер осы шарт алдыңғы өткен ғалымдар арасында сақталмаған болса, сенім мен иман жректерден өшіріліп, шынайы ілімнің ізі де қалмайтын еді
Ижмаъ (ғалымдардың бірауыздан келісуі)
Жоғарыда келтірілген, сондай- ақ өзге де талас тудырмайтын дәлелдерден ғалымдар бір ауыздан келісіп, үмметтің сенімді ғалымдарының бірауыздан келіскен пікірлері шариғатта талассыз дәлел болып табылады деген заң шығарды. Бұл шешім ижмаъ деп аталады. Ижмаътың шариғатта талассыз дәлел бола алатынын сахабалар заманыннан бері ешқандай беделді ғалым теріске шығармаған.
Жоғарыда келтірілген, сондай- ақ өзге де талас тудырмайтын дәлелдерден ғалымдар бір ауыздан келісіп, үмметтің сенімді ғалымдарының бірауыздан келіскен пікірлері шариғатта талассыз дәлел болып табылады деген заң шығарды. Бұл шешім ижмаъ деп аталады. Ижмаътың шариғатта талассыз дәлел бола алатынын сахабалар заманыннан бері ешқандай беделді ғалым теріске шығармаған.
Көптеген ғасырлар бойы ислам ғұламалары сүннеттік төрт мәзһабтың заңдылығына және де оларды ұстануға қарсы болмаған. Төрт мәзһабтың келіскен тұстарын үммет бірауыздан қабыл алған. Басқаша айтқанда, қанша жүз жыл өтсе де төрт мәзһабтың заңдылығы мен мәзһабтағы қабылданған шешімдер жайлы ғалымардың ижмаъы бар.
Ауытқушылық
Соңғы жарты ғасырда адамдарды мәзһаб ұстанудан тайдырушы топ ортаға шықты. Бұл топ сыбайластары қарапайым әрі қу тілде адамдарды діндегі беделді ғалымдардың сөзін қабылдамай, тікелей Құран мен хадис жинағына жүгінуге шақырады. Олардың шектен шыққаны соншалық, тіпті ғалымдардың сөзімен амал жасаушыны Құран мен Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін жоққа шығарушы деп санады. Осылайша олар төрт имамды оқып- білу, Құран мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін оқудан да жақсы нәрсе деген ой салады.
Дерт
Соңғы жылдары осы дінбұзушылық дертке айналды. Жолдан тайғандар дінге ұмтылып, қасиетті Сүннетпен жүргісі келетін білімсіз жастарды жаулап алуда.Олардың ұрандары мен шақырулары надандардың бетінен қаққан сөздері, жастардың алдында алғашқы әсерін қалдырады, кей кездері ол, өкінішке орай соңғы әсер болып та жатады.
Айығу жолы
Надандықтан айығудың жалғыз жолы түсіну мен қарым- қатынас жасау.Адамдарды оқытуда мұсылмандар Алланың мейірімімен жалғаннан ақиқатты ажыратады деген үміт болады. Бұл еңбектің мақсаты да сол.
Еңбектің жазылу мақсаты
Бұл еңбектің жазылу мақсаты мәзһабқа тақлид жасауды жоққа шығарушыларға тікелей қарсы шығу емес. Мақсат - осыны оқыған адамға тақлид жайлы хабар беру. Сондықтан да еңбек сақтық емес керісінше, шабуыл жасау тәсілінде жазылған. Ішінде көптеген дәлелдер қалай бар болса, солай келтірілді. Алла Тағала автордың әлсіздігі мен кемшілігін кешірсін, оның еңбегін қабыл алып, осы еңбекті Өз мейірімі мен рақымымен тура жолға бастаушы етсін.
Еңбек жайлы
Бұл еңбек сұрақ- жауап түрінде әзірленген. Мұның басты себебі, көптеген жағдайларда қандай да бір тақырыпты ұзақ қарастырған соң, ең басты сұрақ ең соңында туып жатады. Сондықтан да талқылануды қажет етіп тұрған сұрақ оқырманға ыңғайлы болуы үшін бас жағында келеді.
Кітапты қалай оқу керек
Талқыланып отырған тақырып ғылыми табиғатты қажет етеді, сондықтан да оны талқылау барысында ғылыми- шариғи теминдер қолданылады. Еңбекті барынша түсінікті әрі жеңіл етіп жазуға бар күшімізді салдық. Соған қарамастан, еңбекті толық түсіну үшін оқырманда арнайы шариғи білім болуын талап етеді. Оқырман үшін қарапайым әрі түсінуге қиындық тудыратын терең мағыналы, жеңіл қарауға болмайтын, сақтануды талап ететін мәселелер бар. Ондай қиындықтардан аулақ болу үшін еңбекті оқу барсында сақтайтын ережелер мыналар:
1 Бір беттен екінші бір бетке секіруге болмайды. Тек таңдап алған бөлімді ғана оқыңыз. Кітапты басынан бастап оқыған жөн. Сонда ғана ақпараттарды жақсы меңгере аласыз.
2 Кітаптың бір ғана жартысын оқып алып, бірнеше бетті тастап, басқа бетті оқуға болмайды. Неғұрлым көп оқыған сайын сұрақтарды түсіну де соғұрлым Алла қаласа қызықты әрі жеңіл болатынын естеріңізде сақтаңыздар.
3 Кітапты екі қайтара оқыңыздар. Сол кезде жақсы түсінгендеріңізге көз жетеді.Себебі, тақырыптары бір- бірімен тығыз байланысты. Соған қарамастан, бірінші рет оқығанда түсініксіз болған сұрақ екінші мәрте оқыған кезде Алла қаласа анық болады.
_______________ 1. Муғауиядан жеткен Сахихи Бұхариде және Муслимде келген №3641 және №4950 хадистің мысалы. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Менің үмметімнің ішіндегі ақиатты ұстанушылары бар кезде оларға қарсы келушілер зиян бере алмайды және оларды Қиямет басталғанша тастап қояды»
_______________ 1. Муғауиядан жеткен Сахихи Бұхариде және Муслимде келген №3641 және №4950 хадистің мысалы. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Менің үмметімнің ішіндегі ақиатты ұстанушылары бар кезде оларға қарсы келушілер зиян бере алмайды және оларды Қиямет басталғанша тастап қояды»
2. Тақлид негізінде амалда Имам Әбу Ханифа, Имам Мәлік, Имама әш-Шафиғи, Имам Ахмад ибн Ханбал секілді төрт мәзһаб ғалымының бірінің мектебін ұстану жатыр.
Авторы: Шейх Әбу Усама Аюб ибн Мәуләна Мухаммад
Еңбек аты: Кто Слепые читатели?
____________________