Ферма иесінің қораның ішіне қақпандар қойып тастағанын бір тышқан байқап қалады. Бұл жайлы ол тауыққа, қойға және сиырға айтады. Олар: «Ол қақпан саған арналған ғой, ақымақ! Бізге несін айтасың, бізге еш қатысы жоқ қой!» деп күледі.
Бір күні қақпанға жылан түсіп қалады да ферма иесінің әйелін шағып алады. Оны емдеу үшін тауықты сойып, сорпасын ішкізеді. Сырқаттың жағдайын сұрап келгендерге тамақ дайындау үшін қойды сояды. Соңында, қайтыс болған әйелді ақтық сапарға шығарып салу үшін қонақтарға арнап сиырды сояды…