Хазірет Алиден (р.а.) риуаят етілген мына бір хадиске назар аударайық: «Мұсылманның мұсылманда отыз ақысы бар.
Бұлар жүзеге асырылмайынша, не кешірілмейінше, оған амандық (құтылу) жоқ». Мұсылманның отыз ақысы мыналар:
Сəлемін алу;
Көмектесу;
Үнемі жақсылық жасау; Айыбын жасыру;
Мұсылман бауырының қателігін кешіру;
Жылағанда жұбату;
Қателігіне көз жұму;
Кешірім сұраса, кешіру;
Реті келгенде ақылын айту;
Қал-жағдай сұрасу;
Жақсылығын жақсылықпен қайтарып, алғысын айту;
Жоғалтқанын тауып алса иесіне беру;
Тапсырмасын орындау;
Жəбір көргенді құтқару;
Бергеніне разы болу;
Достығына сызат түсірмеу;
Уəде де тұру;
Ауырып қалса көңілін сұрау;
Жаназасын шығару;
Шақырғанда бару;
Сый-сияпатын алу;
Бауырының халалына (жарына) қарамау, өзгені де қаратпау;
Туыстарына мейірбан болу;
Тек жақсы сөз айту;
Беретінін бөлек қою;
Залымды зұлымдығынан тыюға көмектесу;
Зорлық көргенге жақсылық жасау;
Өсектемеу, өсектетпеу жəне біреулер өсектеп жатса тыңдамау;
Түшкіргенде «ярхамукаллаһ» (Алла сені жарылқасын) деу; Өзі үшін тілегенін оған да тілеу;
Бұлардың біреуін тəрк етсе, қиямет күні мұсылман бауыры одан осы ақысын сұрайтын болады»[215].
Кісінің, менше, балам, хақын жеме, Түбінде жарамайды жегіш неме. Тірі күнде құтылдым қарызымнан, Артымнан «əкем айтпай кетті» деме. Əріп Тəңірбергенов (1856-1924)