Жуырда Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен кезекті хаттамалық жиналыста дін қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, оларды жалақымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланған болатын.
Жиналыста «Қажылық қоры» есебінен өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын ауыл имамдарына 50 мың теңге көлемінде жалақы беру туралы мәселе көтерілді. Бүгін Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлының шешімімен 103 имамға тиісті қаражат аударылды.
Еліміз бойынша, 2626 мешітте 6189 адам қызмет етеді. Оның 4 мыңға жуығы – дін қызметкері. Жалпы дін қызметкерлерінің 30 пайызы ғана толыққанды жалақымен қамтамасыз етілген.