Америкадағы көне мешіттің ішкі көрінісі қандай? (ФОТО)

Америкадағы көне мешіттің ішкі көрінісі қандай? (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бидай алқабы, мұнай мұнарасы мен мал жайылымының ортасындағы аталмыш мешіт Канадамен шекаралас жатқан Солтүстік Дакотаның 100 шақты ғана тұрғыны бар Фарго ауданында орналасқан.

Как выглядит древнейшая мечеть Америки изнутри? (ФОТО)

Дакотадағы мешіт 1929 жылы Сирия мен Ливаннан келген иммигранттармен салынған.  «Гомстед-акт» заңының негізінде бұл адамдарға ауыл шаруашылығымен айналысу үшін жер бөлініп берілген, бертін келе сол жерге олар мешіт салып алған екен.

Көлемі 34 шаршы метр болатын  мешіттің бұрышында пеш, бірнеше орындықтар және жайнамаздар болған.

Как выглядит древнейшая мечеть Америки изнутри? (ФОТО)

1800 жылдың соңына таман АҚШ-та мешіттердің болғанына қарамастан, бұл мешіт ең көне болып саналады. Аталмыш мешіт 1979 жылы қиратылып, ал 2005 жылы кезінде бұл жерде тұрған ливан мен сириялық мұсылман қауымына арналған ескерткіш ретінде қайта қалпына келтірілген.

Қазіргі таңда бұл мешіт төрт мұнарасы мен жезден жасалған күмбезі бар шағын ғимарат. Мешіттің ішінен осы ғибадатхананың алғашқы негізін қалаушылардың фотосуреттерін көруге болады. Мешіттің маңында әлі күнге дейін мұсылмандарды жерлейтін қабірстан бар.

asyldin.kz


Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Алла Тағалаға қаланың өте жақсы орындары – мешіттері. Ал, қаланың өте жаман орындары – базарлары», – дейді. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: