НАИБ МҮФТИ МЫСЫРДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУДА (ФОТО)

НАИБ МҮФТИ МЫСЫРДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУДА (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Египет елінің астанасы Каир қаласында Уақып министрлігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттің сақталуын қамтамасыз ету үшін ұлттық сәйкестікті қалыптастыру» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Мысыр президентінің қолдауының аясында өтіп жатқан алқалы жиын жұмысы екі күнге созылмақ.

Халықаралық конференция жұмысына Бас мүфти Серікбай қажы Ораз тапсырмасымен елімізден арнайы делегация аттанған болатын. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған топ айтулы жиын аясында бірегей баяндамалар жасап, арнайы кездесулер өткізу жоспарланған.

Бейбарыс бабамыз билік құрған Мысыр жеріндегі халықаралық басқосуға Қазақстанның Египеттегі төтенше және өкілетті елшісі Арман Исағалиев, «Нұр-Мүбәрак» университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев және университет ұстазы Сейдмұхаммед Абдунаимдар қатысып, халықаралық деңгейдегі басқосу барысында еліміздегі діни ахуал мен мүфтият жұмысын таныстыратын болады.

 
«Адам баласы үшін (құл­шылық жасау үшін жер бетінде) алғаш құ­рылған үй Меккедегі (Қағба). Ол өте берекелі және бүкіл әлем (адамзат) үшін тура жолдың бас­тауы» («Әли Имран» сүресі, 96-аят).
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: