1992 жылы Сұлтан Кабус Оманның өз Ұлы Мешіті болуы керек деген ұйғарым шығарады. Артынша бас мешіттің дизайнына байқау жарияланады. Ғибадатхана жобасының аса зор болғандығы сондай, оның құрлысына бірнеше жыл уақыт кетеді. Мешіт тек 2001 жылдың 4 мамырында Сұлтанның билік еткеніне 30 жыл толу мерейтойына орай ашылады.
Маскаттағы Сұлтан Кабустың мешітін заманауи араб сәулетінің жауһары деп атайды. 300 000 үнді құмдағынан жасалған ғаламат құрылыс - көлемі жағынан әлемдегі екінші мешіт болып табылады, бір мезгілде 20 000 адам намаз оқи алады.
Құлшылық жасайтын басты залдың көлемі 74.4 x 74.4 метр, ал еденінде жүздеген қолөнершілердің қолынан шыққан бір бүтін кілем жатыр. Оның салмағы 21 тонна!
Орталық күмбездің биіктігі 50 метрге жетеді, алайда бұл ғибадатханаға келушілерді төбенің дәл ортасында ілініп тұрған салмағы 8 тонна Сваровски кристаллдарынан жасалған алып аспалы шам қатты таңғалдырады.
Аталмыш мешіт салынған кездегі бұл аспалы шам мен кілем әлемдегі ең орасан зоры болатын, алайда кейін Шейх Зайдтың мешіті салынды, ал одан кейін көршілес жатқан Катар елінде салынған мешітте бұл кілем мен аспалы шамнан асып түсетін әрі көздің жауын алар дүниелер пайда болды.
asyldin.kz
Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды».