Жамандықты қалай қайтарамыз?

Жамандықты қалай қайтарамыз?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имам Мәликтің ғажап өнегесі

 Бір күні имам Мәликке бір кісі келіп: «Уа, имам! Қасиетті Құрандағы:  «..Жамандықты ең жақсы жолмен қайтаруға тырыс…» деген аятты қалай түсінсек болады?» деп сұрайды. Сонда имам былай депті: «Егер біреу саған жаман сөз айтса, оған былай де: «Егер сен айтып тұрған нәрсе менде болса, Алла мені кешірсін. Ал егер ол жамандық менің бойымда жоқ болса, онда Алла сені кешірсін!» деп айт. Міне, жамандықты ең жақсы жолмен қайтар дегеннің мағынасы осы дейді.

МІне, әдеп! Міне, хикмет! Нағыз қазіргі заманға қажет ғибратты өнеге. Мұсылмандықты тек сөзбен емес, іспен насихаттағымыз келсе, осыған мән бергеніміз мақұл. Естеріңізге сала кетейік қасиетті Құранда мынадай аят бар:

«Жақсылақ пен жамандық тең емес. Ендеше, сен жамандықты ең жақсы жолмен қайтаруға тырыс. Сол кезде араларыңда дұшпандық болған біреудің саған ең жақын дос болып кеткенін көресің»  («Фуссилат» сүресі, 34-аят).

Асылбек Әуезханұлы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: