Марқұмдар бізді ести ме?

Марқұмдар бізді ести ме?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) Бәдір шайқасында қаза тапқан кәпірлердің жансыз денелерінің қасына барып, олармен тілдескен екен. Оның (ﷺ) қасында болған Омар-асхаб (р.а.): «Уа, Алла Елшісі! Жансыз денелермен қалай сөйлесіп жатырсың?» - деп сұрайды.

Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ):

«Менің айтқандарымды олар сендерден артық естиді, бірақ олар маған жауап қайтара алмайды», - деп жауап берген екен (Мүслим мен Бұхари).

Ибну әл-Кайим өзінің «Рұх» кітабында марқұмдар бізді естиді деп айқын жазған болатын. Марқұмдар естимейді деп уахабистер келтіретін аяттар дұрыс түсіндірілмеген. Олардың пікірінше, бұл аяттардың мағынасы – кәпірлердің жансыз денелерімен сөйлескеннен пайда жоқ, өйткені олардың жүректері имансыз дегенді білдіреді. Осындай түсіндірмеден кейін Ибну Касир былай деп жазған: «Марқұмдар оларға келгендерді біледі және осыған қуанатындықтарын дәлелдейтін көптеген риуаяттар бар».

Сол себепті де Пайғамбарымыз (ﷺ) өз үмбетін қабірлерді көргенде амандасуға, яғни, марқұмдарға қалай сәлем беру керектігін және не деп айту керектігін үйретіп кеткен («Ибну Касир Мухтасар тәпсір», 3 т., 59 б.).

Марқұмдар бізді естиді, түсінеді және біздің сәлемімізге жауап береді, алайда біз олардың жауабын естімейміз.

Пайғамбарымыздың (ﷺ) сенімді хадистерінің бірінде былай келтірілген: «Ақиқатында, Алланың құлын жерлегенде, қабірдегі марқұм оны жерлеп болып кетіп бара жатқан адамдардың аяқ алысын еститін болады».

Сонымен қатар, марқұмдардың есту қабілеті болатындығын дәлелдейтін көптеген хадистер бар. Марқұмдар ештеме естимейді деп бекітіп айтатындар тек атеистер мен материалистер ғана. Кейде мұндай сөздерді иманы әлсіз мұсылмандардан да естіп жататынымыз рас.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: