Бүкіл қиындықты шешетін бір-ақ ауыз сөз

Бүкіл қиындықты шешетін бір-ақ ауыз сөз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құранда Нұх пайғамбардың (ғ.а.) атымен аталған сүре бар. Бұл сүреде Алла Тағала Нұхтың (ғ.с.) халықты қалай дінге шақырғаны туралы оқиғасын баяндайды. Құранда бұл жөнінде былай айтылған: «(Сондай-ақ оларға): “Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені Ол, өте жарылқаушы” дедім. Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді. Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады» (71:10-12).

Нұх (ғ.с.) елін Алладан кешірім сұрауға үндеген, ал сол үшін Алла мол жаңбыр жібереді деп уәде берген.

1. Кешірім.

Алла Тағала Өзінің шынайы құлдарын кешіргенді жақсы көреді. Алла Тағаланың кешірімі Оның бірнеше есімдерінен де көрініс тапқан, мысалы, әл-Ғафур «Кешіруші, Кешірімді» (الغفور) және әл-Ғаффар «Кешірімшіл, Аса кешірімді» (الغفار), алайда бұл есімдердің арасында айырмашылық бар. Әл-Ғаффар есімі тұрақты, көп мәрте қайталанып тұратын амалдарға қатысты.

Алла Тағала қанша күнә жасағандарына қарамастан пенделерін өмірлерінің соңына дейін қайта-қайта кешіруге  дайын, бірақ пенделерінің міндеті – Алла Тағаладан талмай кешірім сұрауын жалғастыруы.

Алла Тағаладан кешірім сұрағанда біз қайтадан осы күнәға қайтып оралмастай шынайы болуымыз керек. Алайда шайтанның құрған тұзағына түсіп қалып, қайтадан күнә жасап қояр болсақ, бұл жағдайда да біз Алланы Кешірімшіл, Рақымды ретінде табамыз. Алла Тағаланың әл-Ғаффар есімінің мәні де осында.

Нұх пайғамбардың (ғ.с.) еліне деген үндеуі:

«...Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер…» (71:10).

Алладан кешірім сұрап жалбарыну әр түрде және түрлі сөздермен айтылуы мүмкін. Кез-келген мүмін үшін қысқа да қарапайым дұға бар. Ол - «АстағфируЛла». Осынау Аллаға деген қысқа дұға тек қана күнәлардың кешірілу себебіне айналып қана қоймайды, сонымен қатар, Алланың қалауымен, Оның шексіз игілігінің есіктерін ашқызады.

2. Ризық, несібе.

Нұх пайғамбар (ғ.с.) еліне деген үндеуін жалғастыра отырып, былай айтқан:

«Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді…» (71:11).

Нұх (ғ.с.) халқына мол өнім бергізетін мол жаңбыр уәде етеді. Ол (ғ.с.) уағыздарының басында Алладан кешірім сұрау керектігін келтірген.

Ал жаңбырдың қандай пайдасы бар?

Жаңбыр – жердің ылғалдануы, өнімнің өсуі, азық-түліктің, ауыз судың мол болуы және қауымның өсіп-өркендеуі. Міне, табиғат құбылысы – жаңбыр дегеніміз осы. Жаңбыр да Алла Тағала кереметтерінің бірі болып табылады.

Несібеге қалай қол жеткіземіз?

Алла Тағаладан кешірім сұрау арқылы!

Қазіргі заманның жас мұсылмандарының проблемасы мынада: «Егер оларға: «АстағфируЛла»  десеңдер Алла сендерге мол жаңбыр», - жібереді деп айтсаң, олар: «Маған жаңбыр керек емес, маған ақша керек», - деп айтады.

Бұл таяз ойлау үлгісі. Негізінде, тек еңбек ету арқылы ғана біз күнкөрісімізді қамтамасыз ете аламыз. Жұмыс орындары күшті экономикаға байланысты, ал экономика ресурстарға байланысты, сол ресурстардың бірі – ауыл шаруашылығы. Ал өз кезегінде, ауыл шаруашылығы мол жаңбырмен келетін ылғалға байланысты.

Ендеше, Алла Тағала жаңбыр арқылы біздің ризық, несібемізді береді.

3. Молшылық.

Сондай-ақ, Нұх пайғамбар (ғ.с.) былай айтқан: «…Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды…» (71:12).

Алла Тағалаға шүбәсіз біздің мұқтаждарымыз бен тілектеріміз аян. Ол пенделерінің материалды игіліктер мен молшылыққа мұқтаж екендіктерін біледі әрі, сөзсіз, бізге оны нәсіп етуге дайын. Біз оған қалай қол жеткіземіз? Нұх пайғамбардың (ғ.с.) халқына жасаған үндеуі – Алладан кешірім сұрау арқылы. «АстағфируЛла» деп айтудың өзі жеткілікті.

Алла бізді ризықсыз қалдырмаймын деп уәде берген. Уайымдап, қылмыс жасаудың қажеті жоқ. Тек бізден талап етілетін нәрсе – Аллаға тәуекел етіп, Одан кешірім сұрап, қолда бар қаражатты ақылмен жұмсап, ысырап жасамау және мүмкіндігінше мұқтаж жандарға көмек көрсету.

4. Ұрпақ.

Нұх пайғамбар (ғ.с.) халқына деген үндеуінде Алла оларға ұрпақ береді деп уәде еткен.

Қазіргі таңда, өкінішке орай, бала көтере алмайтын аналар, баласыз шаңырақтар жиі кездеседі. Отбасын құрғысы келмейтіндер де баршылық. Алла Тағалаға бұл да және біздің барлық қиындықтарымыз да аян.

Нұх пайғамбардың (ғ.с.) уағыздары қандай жағдайда, қай заманда болмасын өзекті болып табылады. Мүміндердің Алладан көп мәрте кешірім сұрағаны жөн, сонда Алла біздің барлық қиындықтарымыздың шешілуіне кепілдік береді – күнәларымызды кешіреді, ризық береді, молшылықпен қамтамасыз етіп, ұрпақ береді. Әрине, Алла Тағала тек бұларды ғана беріп қоймайды. Алланың нығметтері шексіз әрі олар тек қарапайым «Астағфирулла» дұғасы арқылы қолжетімді болады.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: