Әйел ерінің ата-анасын күтуі керек пе?

Әйел ерінің ата-анасын күтуі керек пе?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жанұяда ата-анаға ұлы қарау керек пе әлде қызы қарауы керек пе? Әйел ерінің ата-анасын қарауға міндетті ме?

Негізі, балалар ата-аналарын лайықты түрде күтіп, оларға жақсы қарауы керек, өйткені олардың кішкене күнінде ата-анасы да оларға жақсы қарады емес пе? Алайда балаларының өз алдарына отбасы болатын болса, онда ата-анаға кімнің қарауы керек?

Ұлдар өздерінің отбасылық жағдайына қарамастан ата-аналарын күтіп, бағуға міндетті. Ата-аналар да өз тарапынан қолдарынан келгенше үй шаруасына көмектесіп, тамақ пісіру, кір жуу сияқты істерге қолғабыс етіп жатады. Дегенмен, әйел адам ерінің ата-анасына қарауға міндетті емес, алайда бұл жерде үй-ішіндегі үйлесімділік, тыныштық мәселесіне тоқталар болсақ, онда, шүбәсіз, отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында және отбасы амандығын сақтап қалу үшін әйелдің өз ерінің ата-анасына дұрыс қарағаны абзал. Алайда әйелі белгілі бір себептермен күйеуінің ата-анасына қарай алмайтын болса, онда баласы ата-анасын күту үшін қызметші жалдауы қажет, өйткені бұл жағдайда оның мойнынан ата-анасына қарау міндеттілігі түспейді. Сәйкесінше, барлық қажетті шығындарды ол өзі төлеуі керек.   

Тұрмыстағы қыздары да ата-аналарына қарауы тиіс, бірақ қыздардың мүмкіндіктері ұлдарға қарағанда шектеулі болғандықтан, олар ата-анасына ұлдармен тең деңгейде қарай алмайды.

Ендеше, қартайған ата-ананың қызы да, ұлы да болған жағдайда, ата-ананы бағып-қағу жауапкершілігі олардың ұлдарына түседі, бірақ әлдебір себептермен ұлдары ата-анасына қарай алмайтын болса, онда қыздары күйеулерімен ақылдасып, ата-ананы қарауды өз мойындарына алады.

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: