Түркия әлемнің миллиондаған адамын ауыз сумен қамтамасыз етті

Түркия әлемнің миллиондаған адамын ауыз сумен қамтамасыз етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркияның адам құқықтары мен еркіндігін қорғау және гуманитарлық көмек қоры әлемнің үш миллион адамын ауыз сумен қамтамасыз етті.

Аталмыш қор әлемнің түкпір-түкпірінде адамдар ауыз судан тапшылық көріп отырған жерлерде су ұңғымаларын бұрғылауды жалғастыруда.

«2018 жылы аталмыш қор Африка мен Азия елдерінің әртүрлі аудандарында су ұңғымаларын бұрғылаған. Жалпы алғанда, қор 21 елде 807 су ұңғымасын бұрғылап, 332 800 адамды ауыз сумен қамтамасыз еткен. Түрік қоры 2000 жылдан бері 36 елде 7 422 су ұңғымасын бұрғылап, осының арқасында 2,969 миллион адамды ауыз сумен қамтамасз етті», - деп айтылған қордың мәлімдемесінде.

asyldin.kz


"Күдіксіз Алла сендерді бақылаушы", "Ниса" сүресі, 1 аят.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: