Өткен жылы Түркияда археологтар 2013 жылы тапқан «Тозақ қақпасы» аталатын көне порталдарының біріндегі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Көне аңызға сай осы портал арқылы кірген әрбір адам жерасты әлеміне тап болады делінген. Бұл үңгірге жақындауға тек абыздарға ғана рұқсат етілген, өйткені құрбандыққа шалуға әкелінген малдар бұл қақпадан өту барысында бірден жан тәсілім ететін болған.
Ғалымдардың анықтағанындай, аталмыш аңызда шындықтың үлесі жоқ емес. Зерттеу барысында жануарлардың улы табиғи газдан өлетіні белгілі болған.
Аталмыш қақпа көне қала Иерапольдің аумағында орналасқан. Бұл қаланың негізін салған біздің дәуірімізге дейінгі екінші ғасырда өмір сүрген пергам патшасы II Эвмен.
Иераполис терма бастаукөздерімен танымал геологиялық белсенді жерде орналасқан. Ал «Тозақ қақпасы» опырылған жердің орнына салынған, ал дәл сол орыннан жер бетіне көмірқышқыл газы шығып жатыр.
Ғалымдар әр деңгейдегі газдың шоғырлануын тәуліктің түрлі уақытында өлшеп отырған. Газдың шоғырлануы биіктікке байланысты екендігі анықталған, мысалы үшін, жоғары жақта газдың шоғырлануы аз болса, ал төменгі жақта - көп болған. Сол себепті осы қақпадан өткен жануарлар бірден өліп, адамдар тірі қалып отырған.
Тарихи кешен саяхатшылардың келуіне қақпасын айқара ашты.
asyldin.kz
«Әрбір жан (періште, адам, жын, жан – жануар) өлімді татады...» («Әнбия» сүресі, 35 – аят)