Түркіменстанда 1 қаңтардан бастап алкоголь өнімдерін сатуға шектеу қоятын заң күшіне енді.
Жаңа ережеге сай, енді ұшақта, пойызда, паромда, спорт кешендерінде арақ-шарап сатуға тыйым салынады.
5,6 миллион халқы бар елде енді ұлттық мерекелерде де алкоголь өнімдерін сатуға болмайды. Ал 2021 жылдан бастап сенбі-жексенбіде барлар мен мейрамханалардан басқа жерде арақ-шарап сатуға шектеу қойылмақ.
Түркіменстанды 2007 жылдан бері басқарып отырған Гурбангулы Бердімұхамедов 2025 жылға таман темекі сатуды шектейтін заң қабылдайтынын айтқан.
baq.kz.
«Ей, иман еткендер, мас кезде не айтқандарыңды анық білгенге дейін намазға жақындамаңдар. Жолаушылықтан тыс уақытта жүніп болсаңдар, ғұсыл алғанға дейін намаз оқымаңдар» (Ниса, 43)