Сауд суретшісі қажылардың ихрамына қажылық көрінісін бейнелеген

Сауд суретшісі қажылардың ихрамына қажылық көрінісін бейнелеген

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Саудовская художница воссоздает картины хаджа на ихрамах паломников

Сауд суретшісі Марам әл-Ватед сурет салу үшін әр түрлі кенептерді қолданады, алайда бұл жолы суретші өзінің суреті үшін ерекше кенепті қолданған. Ол кенеп ретінде қажылық кезінде қажылар киіп жүретін ихрамды пайдаланған.

Саудовская художница воссоздает картины хаджа на ихрамах паломников

«Фарада» атты еңбегін сипаттай отырып Марам әл-Ватед былай түсіндірген: «Бұл суретімде мен қажылардың киіміне қатысты идеяны қолдандым. Бұл бірлік пен теңдік идеясы, әсіресе, осы идея миллиондаған қажылар Қасиетті Қағбаны айналып тәуеп етіп жүргенде қатты сезіледі. Қажылық парыздарын өтеуге адамдар әлемнің түкпір-түкпірінен келеді. Олардың жас шамасы мен ұлты әртүрлі болғанымен, олардың мақсаты бір, ол - Алла Тағалаға құлшылық ету».

Саудовская художница воссоздает картины хаджа на ихрамах паломников

«Егер мұқият зер салып қарайтын болсаңыз, расымен, тәуеп ету – шабыттандырушы нысан болып табылады, ал сіз одан ұлы да терең мағыналы өнер шығармасын ала аласыз. Әрбір бөлігі өз алдына жатқан бірегей әлем, алайда бәрі бірігетін болса бүтін бір ғаламды құрайды», - деп ағынан жарыла әңгімелеп берген суретші.

Саудовская художница воссоздает картины хаджа на ихрамах паломников

Аталмыш суретті салуда Марам әл-Ватед дәстүрлі емес материалдарды қолданғанды жөн көрген. Кенептің бір өзі 35 дана ихрамнан тұрса, ал суреттің өзі жұпар су қосылған бояумен салынған.

asyldin.kz


Мұхаммед пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Жұмақ нәпсіге ауырлығымен, Тозақ нәпсіге жеңілдігімен қоршалған» деген хадисі бар. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: