Имам Әбу Ханифаның жомарттығы қандай еді?

Имам Әбу Ханифаның жомарттығы қандай еді?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имам әл-Халәби, Әхмәд әл-Аскари және әс-Саймари Мис‘ардың былай дегенін жеткізеді:

«Әбу Ханифа (оған Алла рахым етсін) балаларына бір нәрсе сатып алса, мухаддистерден болған ғалымдарға да сатып алатын және оларға өзі мен балаларына жұмсағаннан көбірек қаражат жұмсайтын, сауда істерінде және адамдармен болған қарым-қатынасында ол үнемі кеңпейілділік танытатын».

Хафиз әс-Суләми былай деп айтқан:

«Әбу Ханифа саудамен айналысатын, ал жыл соңында пайда ретінде түскен ақшаны жинап, оған өзгелер мұқтаж болған нәрселерді сатып алатын да, қалған дирхемдерді тағы соларға беретін және кедейлерге былай деп айтатын: «Алла Тағалаға мадақтар айтыңдар, өйткені сендерге тиген нәрселер - Оның сендерге сыйлағаны!»
Әбу Йусуф (оған Алла рахым етсін) былай деген:

«Мен Әбу Ханифадан жомарт ешкімді кездестірмеппін, мен оған жиі: «Сенен жомарт ешкімді көрмеппін», - деп айтатынмын, ал ол бұған: «Сен Хаммәдты көргеніңде не айтар едің?» - деп жауап беретін. Әбу Ханифа мені және менің отбасымды он жыл бойы тамақтандырды және мен бойында осыншама ардақты сипаттар жиналған басқа ешкімді көрмеппін». 


asylarna

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: