Алланы таң қалдырған адам...

Алланы таң қалдырған адам...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір адам келіп: «Мен әбден тозып біттім!» - дейді. Мұны естіген Алла Елшісі (ﷺ):

«Мына адамды кім үйіне алып барып, бүгін өзіне қонақ қыла алады?» - деп сұрайды. Сонда бір ансар:
«Мен, иә Алланың Елшісі», - дейді. Үйге қонақ алып келген ансар әйеліне:
«Үйде жейтін бір нәрсе бар ма?» - деп сұрайды. Әйелі тек балаларға беретін азғантай тамақтан басқа ештеңе жоқ екенін айтады.  Ансар:
«Онда балаларды бір нәрсемен алдандырып ұйықтауға жатқыз, ал қонақ келген кезде шамды өшір де, біз де тамақ жеп жатқан секілді көрінейік», - дейді.

Осыны құп көрген екеуі тамақ жеп отырғандай сыңай танытып, қонақтың қарнын тойдырып, өздері аш күйінде ұйқыға жатады. Ал таңертең үйдің иесі Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келген уақытында ол (ﷺ): «Алла сендердің бүгінгі түнде қонақтарыңмен қалай шығысқандарыңа таң қалды, яғни риза болды», - деген екен. (Бұхари, Муслим)


asylarna

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: