Олардың дұғасы қабыл...

Олардың дұғасы қабыл...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біз таңертең ұйқыдан тұрғанда деніміз сау, басымыз аман, бауырымыз бүтін күйде оянамыз. Есіміз орнында, еш жеріміз сыздап, қақсап тұрған жоқ. Жүрегіміз соғып тұр. Содан да болар, «қайғысыз қара суға да семіреді» дегендей, кейде осының бәрін беріп жатқан Құдайды еске алуды, жағдайымызға шүкіршілік танытуды ұмытып кетеміз. Құлшылығымызда ықылассыздық танытып аламыз. Бейқамдыққа салынамыз. Өзімізді ешкімге мұқтаж емес, басымызға іс түссе, өзіміз-ақ шеше алатын күшті, жігерлі тұлға ретінде сезінеміз. «Ақшам болса болды, бәрін шешіп алам-ау» деп ойлаймыз. Ал шындығында олай емес екені әмбеге аян нәрсе ғой...

Ал енді қиындық көріп, ауруға шалдығып не бір мүшесінен айырылып, сынақ көрген адамдарды елестетіңші! Олар - мына өмірдегі барлық нәрсеге шынайы көзбен қарай алатын жандар. Олар шүкір ете біледі, барын бағалай алады. Күлсе, бар жан-тәнімен риясыз күледі! Өзінің басына түскен іс ешкімде болмаса екен дейді. Адамдарды мұқалмауға, жақсылыққа шақырады. Сау аяқтан гөрі ақсақ аяққа салмақ көбірек түсетіні секілді олар - өмірден сабақ алып, әр нәрседен ой түйе білетін жандар.

Міне, осындай жандар дұға жасаса, бар жан-тәнімен, бар ықыласымен тілейді және Құдайдың мейірімінен үміттерін үзбейді.

Олар – Алланың таңдаулы құлдары. Бұл өмірде көрген азғантай қиындыққа сабыр ете алғандары үшін Алла оларға есепсіз сый дайындап қойған!


Сондықтан сен бар күш-жігеріңді салып, олардың дұғасына ілігуге тырыс. Олардың кем-кетігін түгендеп, алғысын алуды ойла. Себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Орталарыңдағы әлсіздеріңнің арқасында сендерге көмек көрсетіліп, қажеттіліктерің берілмей ме?» (Бұхари)

 «Егер сендерге риза болғанымды қаласаңдар, әлсіздерге көмектесіңдер, себебі, сендерге араларыңдағы сол әлсіздер үшін көмек көрсетіліп, тұрмыстарыңа қажеттіліктер беріледі», - деген.
(Тирмизи, Әбу Дәуд)

asylarna 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: