Алла Тағалаға шүкіршілігімізді білдіре жүрейік...

Алла Тағалаға шүкіршілігімізді білдіре жүрейік...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алдымен Жунайд Бағдадидің басынан өткерген бір ғибраты мол оқиғаны баяндап өткіміз келіп отыр.

Жунайд Бағдади өзінің тәлімгерлері және ағасы Сарий ас-Сакатимен қажылыққа аттанғанда оның жасы бар-жоғы жетіде ғана еді. Меккеге жетісімен олар қасиетті әл-Харам мешітінде дін мамандары мен ғалымдардың Аллаға шүкіршілік ету тақырыбын талқылап жатқан жиынының үстінен түседі.

Әрбір ғалым өз пікірлерін білдіріп жатты, алайда ешбірі де нақты бір анықтама бере алмады. Сонда Сарий ас-Сакати інісіне қарап:

- Қане, сен бір нәрсе айта ғой, - дейді.

- Алла Тағалаға шүкіршілік дегеніміз – бізге нәсіп еткен Жаратушының нығметтері арқылы Оған мойынсұнушылық таныту”, - деп жауап берген Жунайд Бағдади өзінің ерекше пікірімен жиынға қатысушыларды тәнті етеді.

Алла Тағалаға шүкіршілігімізді білдіруде келесі дұғаны айтып жүруге кеңес берер едік:

رَبِّ أَوْزِعْنِي أَنْ أَشْكُرَ نِعْمَتَكَ الَّتِي أَنْعَمْتَ عَلَيَّ وَعَلَى وَالِدَيَّ وَأَنْ أَعْمَلَ صَالِحًا تَرْضَاهُ وَأَدْخِلْنِي بِرَحْمَتِكَ فِي عِبَادِكَ الصَّالِحِينَ

Рабби ау’зи’ни ан ашкура ни’матакаль-ляти ан’амта уа аля уалидийя уа анамаль салихан тардаху уа адхилни би рахматика фи ибадикас-салихин (27:19). 

«...Раббым, маған және әке-шешеме мәрхамет еткен игіліктеріңе шүкір етуімді әрі өзің разы болатын іс істеуімді нәсіп ет те өз мәрхаметіңмен ізгі құлдарыңның арасына кіргіз!».

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: