Омарды жылатқан оқиға

Омарды жылатқан оқиға

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а) Әбу Бәкір ас-Сыддықтың (оған Алла разы болсын) күн сайын таң намазынан кейін бір жаққа асығып бара жататындығын байқап жүреді. Мұның себебін ойлана келе, соңына түсіп аңдымаққа бекінеді. Әбу Бәкір (оған Алла разы болсын) бір лашықтың ішіне кіріп кетеді. Сыртқа шыққанын күтіп тұрған Омар (оған Алла разы болсын) бірден үйге енеді. Сөйтсе, онда кәрі әрі зағип әйел және оның балалары отыр екен. 

– Иә, Алланың құлдары! Сендер кімсіңдер? - деп сұрайды Омар (р.а). 
– Мен - осы шатырда балаларыммен жалғыз тұратын кәрі кемпірмін. Бұлардың әкелері қайтыс болған. Біздің Алладан басқа асыраушымыз жоқ, - дейді үй иесі. Омар (оған Алла разы болсын): 
– Ал жаңа менің алдымда осы үйден шыққан кім? - деп сұрайды. 
– Есімін білмеймін. Бірақ ол күн сайын келіп біздің үйімізді сыпырып, еденімізді жуып кетеді. Таңғы асымызды дайындап, қойымызды сауады, - деген жауапты естігенде Омар (оған Алла разы болсын) өз-өзін ұстай алмай еңкілдеп жылайды. 
Кейін: 
– Уа, Әбу Бәкір, сен өзіңнен кейінгілер шаршайтын амал жасадың! Кейінгілерге саған ұқсау қиын болады! - дейді...
Расымен де, көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең сүйікті досы болған, тіпті, осы үмметтің барлық адамдарының иманын басып озатындай дәрежеге жеткен Әбу Бәкірдің (оған Алла разы болсын) бізге мәлім құлшылығы осындай көркем болса, біз білмейтіні қаншама?!

asylarna 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: