Екі дүние сардар Пайғамбары Мұхаммедтің (ﷺ) пайдасы мен маңызы заманауи ғылыммен дәлелденген денсаулыққа қатысты сүннетін сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Тура жолда жүріп, екі дүниеде де бақытқа бөленіп, Алланың разылығын табуда асыл Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүннеттерін ұстану таптырмас қазына болып табылады. Бұл туралы Қасиетті Құранда былай делінген:
«Шүбәсіз, АллаелшісіндесендерүшінәріАллағажәнеақиреткүнінебарүмітінартқан (Алланыжәнеақиреткүнінжан-тәніменқалайтын) һәмАлланыкөпескеалып, Оғанкөпқұлшылықететіндерүшінқайжағынаналсақта, теңдессізүлгі-өнегебар»делінген (33:21).
Сүннетті ұстану әрі міндетіміз болса, әрі онда өзімізге, денсаулығымызға пайдалы қаншама ғибрат пен мән-мағына жатыр! Келесі аталып өтетін сүннеттердің денсаулығымызға тигізер пайдасы орасан зор:
Ертетұру.
Біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (ﷺ) таңғы азанмен тұратын әдеті болған. Ерте тұру – күні бойғы нәтижелік пен еңбекке қабілеттілікті арттырып, жалпы алғанда, ділдік денсаулықты жақсартады. Көптеген адамдарға ерте тұру қиын әрі бір мүмкін болар еместей көрінеді, бірақ ақырындап осы әдетті дамыту – сіздің өміріңіздің сапасын айтарлықтай жақсартуға септігін тигізеді.
Орындытамақтану.
Дұрыс тамақтану - Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) сүннеті. Соңғы он жылдардағы бірнеше зерттеулер дәлелдегендей, орнымен тамақтану – кез-келген дерттің алдын-алуда көркем үлгі болып табылады. Алла Елшісі (ﷺ): «Тамақтанғанда асқазанның үштен бірін суға, үштен бірін тамаққа, үштен бірін ауаға қалдырыңдар», - деп өсиет еткен.
Суішу.
Белгілі хадисте былай айтылған: «Суды бірден жұтып салмай, аз жұтыммен ішіңіз, суды бірден сіміріп салудан бауыр ауруы пайда болады». Бұл Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) су ішу сүннеті. Қазіргі таңда көп мөлшердегі суды бірден жұтып алу салдарынан бас ауырып, ағзадағы электролит теңгерімі бұзылып, соңында бауыр ауруына әкеліп соғатынын ғылым дәлелдеген. Суды демалып, аз жұтыммен ішу -судан көп мөлшерде пайда алуыңызға мүмкіндік береді.
Ораза.
Соңғы зерттеулер дәлелдегендей, біздің денсаулығымызға тек ас қабылдауымыз ғана емес, сонымен қатар, сол асты қабылдау уақыты да әсер етеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) оразаны тек қасиетті Рамазан айында ғана ұстап қоймай, сондай-ақ, басқа айларда да жүйелі түрде ұстап отырған. Осындай арасы үзіліп отыратын ауыз бекітулер гормондық жүйеге жақсы әсер етіп, күйзелу мен ашушаңдықтың алдын-алатындығын ғалымдар дәлелдеген. Адам асты аз қабылдаған сайын, оның ағзасы ас қорыту мен күш-қуатты қалпына келтіруге жұмылады.
Құрмажеу.
Құрма пальмасы – жер бетіндегі ең қасиетті, игілігі мол, пайдасы орасан зор бірегей ағаштардың бірі. Құрманы Пайғамбарымыз (ﷺ) мұсылманға ұқсатқан. Себебі, шынайы мұсылман қарапайым болғанымен айналасына пайдалы келеді емес пе? Құрма да сол секілді: жапырағы түспейді, жеміс беруін үзбейді. Иә, құрма – Алла мейірімінің ғажап бір көрінісі, адамзатқа сый етілген мәртебелі жеміс. Құрма – жеміс атаулының мырзасы: әрі тағам, әрі дәрі, әрі шырын, әрі қуат көзі...
Құрма – көптеген пайдалы қасиеттері бар ғажайып өнім. Дұрыс тамақтануды білетін адамдар пайдасы зор өнімдермен таныс келеді, ал құрма — солардың бірі. Құрма қандағы қанттың мөлшерін тұрақтандырады, қандағы холестериннің азаюына ықпал жасайды, жүрек-қан тамырларының ауруының алдын алады. Талшықтарға бай құрма ауыз ашардағы ең үздік өнім болып табылады.
Белсенділік.
Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ): «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан қайырлырақ», - деп айтқан.
Исламның бес шартының үшеуі адамның физикалық дайындығына негізделген: намаз - физикалық жаттығулар топтамасы болып табылса, қажылық пен ораза ұстауда мықты денсаулық қажет, өйткені денсаулықсыз біз бұл құлшылық түрлерін өтей алмаймыз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) суда жүзу, атпен жүру, садақ ату сияқты тәсілдермен өз денсаулығын нығайтып, физикалық белсенділігін арттырып отырған. Алла Елшісі (ﷺ) үмметіне салауатты өмір салтын насихаттап, соны дамытуға шақырған. Ендеше, мұсылман адам деннің саулығына септігін тигізетін және оны шынықтыратын спорт түрлеріне әуестенгені жөн. Спорт денсаулық кепілі болса, аманатқа берілген денсаулықты сақтау біздің міндетіміз. Біздің асыл дініміз салауатты өмір салын құптайды.
Ескерту: Жоғарыда айтылғандар қолдануға тікелей басшылық болып табылмайды, алдын-ала маманмен кеңесіп алу қажет.
asyldin.kz