Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы жұмыс сапарымен Масаншы, Сортөбе, Ауқатты және Қарасу ауылдық мешіттерін аралады.
Тексеріс барысында мешіттердің тазалылығы, қар және шатырдағы мұздардың адам өміріне қауіп төндірмеуі, мешіттердің жылу жүйесінің жұмысы, жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтау, мешіт ережелерінің мемлекеттік және орыс тілінде ілінуі және сауат ашу курстарының жұмысы қаралды. Мешіттердегі әдибиеттердің тізбегі сараланды. Тексеріс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.
«Қордай» мешітінің баспасөз қызметі