Кеше Т.Рысұлов аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Сұлтан» мешітінде «Қош келдің Мәуліт айы» тақырыбында сауат ашу курсындағы қыздар арасында рухани кеш өтті.
Пайғамбарымыз (ﷺ) дүниеге келген Рабиул-әууәл айының құрметіне орай ұйымдастырылған шараны ауданың бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы ашып берді.
Кеш барысында қазақ тілінде Мәуліт жыры оқылып, Алла елшісіне (ﷺ) салауат айтылды, өнегелі оқиғаларға негізделген қойылымдар қойылып, сахабалар өмірінен алынған ғибратты уағыздар тыңдалды. Сонымен қатар, жас жеткіншектер Алла Тағаланың 99 көркем есімдерін жарыса ұлықтаса, мешіт жамағаттары хадистерді риуаят етілу жолдарымен қосып жатқа айтты.
Кеш соңында «Сұлтан» мешітінің ұстазы Медербек Арайлым хадис айтудан өткен жарыс жеңімпаздарын марапаттады.
Әбілда Мейірханов