Сарысу аудандық мешіттің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен “Пайғамбамбарға (с.ғ.с) сағыныш” атты Мәуліт кеші өткізілді.
Іс - шара қасиетті Құран кәрім аяттарымен басталып, мәуліт күні жайлы келген жамағатқа мағлұмат берілді. Ұстаздың арнайы тапсырмасын алып, үйден дайындалып келген мешіттің сауат ашу курсына қатысушы шәкірттер, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаяны мен сипаттары, көркем мінезі , өнегелері жайлы жамағатқа мәліметтер беріп өтті. Мәуліт кешіне қатысушы жамағатқа Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өміріне қатысты сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген кісілерге сыйлыққа діни кітаптар берілді. Шараға 30-ға жуық әйел-қыздар келіп қатысып, үлкен әсер алып тарқасты.
Жалпы мұндай іс – шаралар мешітімізде бұрыннан өткізіліп келе жатқанымен, әйел –қыздар секторының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған алғашқы шара болатын. Аудандық мешіт жанынан жақында ғана құрылып, жұмыс істей бастаған сектордың бұл жұмысына мәулітке келген үлкен – кіші апалар мен қыз–келіншектер де дән риза екендіктерін білдіріп, әйел – қыздар секторының жұмысына табыс тіледі. Өздері де бұндай шараларға атсалысуға дайын болатындарын жеткізді.
"Сарысу" аудандық мешіті