Жаңа мешіт ашылды

Жаңа мешіт ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше Қасиетті жұма күні  Т.Рысқұлов ауданы  Қазақ ауылында жаңа мешіт пайданалуға берілді. Алланың жердегі үйі «Қазақ» ауылдық мешітінің ашылуын ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісі Сансызбай ұстаз Құрбанұлы, ҚМДБ – ның Жамбыл облысындағы  өкіл имамы Данияр Жұмабаев , Т.Рысқұлов ауданының  имамы Джадраев Сұлтаншәріп  және басқа да қонақтар мен жергілікті жұртшылық қатысты.

Салтанатты шара алдымен қасиетті Құран оқумен басталды. ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісі Сансызбай ұстаз Құрбанұлы жиналған жұртты жаңа мешіттің ашылуымен құтықтап «Алланың үйі болған бұл мешіт жамағатымен көрікті болсын. Елдің тыныштығы, халықтардың бірлігі, дініміздің өркендеуі үшін қызмет ете берсін» деп сөз сөйлеп ашып берді. ҚМДБ – ның Жамбыл облысындағы  өкіл имамы Данияр Жұмабаев  Алла үйін салған адамдарға Пайғамбарымыз (с.а.с) хадисінде «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» - деген. Ислам діні еліміз бен жеремізге тарағаннан бастап мешіт салу  – Алланың сүйген құлдары, пайғамбарлары, шұғылданған қасиетті ісі болатын.  

Мешіт – жер бетіндегі Алланың үйі. Халық жүрегіне имандылық дәнін себелейтін мешіттер салуға мұрындық болған азаматтарға алғысымыз шексіз. Киелі өлкеміздің әр аудан-ауылдарында мешіттердің бой көтергені – үлкен тарту, сый деп білем. Жиында мешіт салу ісінде өзгеге үлгі еткен, игі бастамаға себепші болған  Акимов Әбдіжаппар атамызға  ат мінгізіп шапан жапты. Жиын соңында  жамағатқа ас берілді.

 Әбілда Мейірханов  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: