Анаң - пейішің болса, Атаң - пейіштің есігі.

Анаң - пейішің болса, Атаң - пейіштің есігі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биссмиллахир Рахмаанир Рахиим

Құрметті бауырлар! Ата-Ана ұлы дәулет. Олардың көздері барда  қадірлеп, сыйлап бата дуасын алып қалайық. Ата-ананын тірісінде, өзгеше қартайған мезгілде жиі-жиі тез-тез хабар алып,  кызмет қылып жақсылап қарап бағалык. Тіршілігінде қарт болған ата-аналар ұл-қыздың қызметін көрерде қор болып, түрткі болып, өз балдарынан тіл сөгіс уғып, кейде бір туғандар сен бақ мен бақ қылса, кейде біреудің сөзін ұғып  қағып зекіп жатады, кейде бір жаққа ата-анасын апарыптастап немесе апарудан  ұялып, үйіне қамап  қойып жатыр, және өз балаларынан қорлык көрген ата-аналар да қатарымызда жок емес.

Ата-ананың   тірі мезгілінде қадірлей алмай, көзі өтіп кеткеннен кейін, ел-жұрттың көзіне қабірін кымбат мармар  тас тұрғызып,  ас-той бергеннің керегі не?!  Одан көрі тірісінде жылу жұмсақ сөйлеп көңілін көтеріп, сыйлык  алып беріп, бақтты қарылык тартып ақ батасын алған  жақсырақ емеспе. Расында , ата-ана баласына разы болса, Алламда ол баладан разы болары ақиқат. Сондықтан бар жақсылықты ата-анадан бастаған жөн. Біздің қасиетті дінімізде ата-ананың мәртебесiн ұлы дәрежеге көтергендігі соншалықты, оларға тиiстi адамгершiлiк, әдеп  пен инабаттылық оларға деген махабат сезімін, өзінен кейiнгі  орынға қойған:Алла тағала өзінің кереметті құранында, пенделеріне қайырылып былай деді:

  1. وَقَضَى رَبُّكَ أَلاَّ تَعْبُدُواْ إِلاَّ إِيَّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا إِمَّا يَبْلُغَنَّ عِندَكَ الْكِبَرَ أَحَدُهُمَا أَوْ كِلاهُمَا فَلاَ تَقُل لَّهُمَا أُفٍّ وَلاَ تَنْهَرْهُمَا وَقُل لَّهُمَا قَوْلاً كَرِيمًا

«Егелерің сендерге , Оның өзінен басқа ешкімге сыйынбауға және ата-аналарыңа жақсылық қылуды әмір қылды. Егерде, олардын біреуі, не екеуі тең қарып, қарылық-қураққа жетсе оларга: «Уф-ф» – деме, зекіме және оларға жылы-жұмсақ сөйлеп, жақсы маміле қыл!. Исра: 23

  1. وَاخْفِضْ لَهُمَا جَنَاحَ الذُّلِّ مِنَ الرَّحْمَةِ وَقُل رَّبِّ ارْحَمْهُمَا كَمَا رَبَّيَانِي صَغِيرًا

 Оларға мейірімділік канатыңды кеңінен жай: «Егем! Олар мені кішкентайымнан мейіріміне бөлеп асырап өсіргендей, оларды да мейіріміңе бөлей гөр!» - деген!» (Исра: 24)

Бұл аятта Алла тағла пенделеріне бір қанша укімдерді айтқан:

1. «Алла жалғыз, оның серігі жоқ, шындығында жалғыз ғана сыйынуға лайқты Зат» - деп, шын ықлас пенен сенү керек.

2. Ата анаға жақсылық қылу, себебі Алла Тағла ол екеуіне біздің бұл дүнйеге келуімізге себеп қылған. Сондай, олар балаларын тарбиелеуде, өсіруде, көптеген қыйыншылықтарды басынан өткізуде. Сондықтан, Алла Тағла кереметті Құранның көптеген аяттарында, Өзіне бас ию укімінен кейін ата-анаға жаксылық қылу укімін, өз атына жақындатып айтып кететкен. Олардын кей-бірін  мысал қатары айтсақ : «Бақара» сүресінін 83-аятында:

وَإِذْ أَخَذْنَا مِيثَاقَ بَنِي إِسْرَائِيلَ لاَ تَعْبُدُونَ إِلاَّ اللَّهَ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا

 «Біз Исраил ұрпақтарынан уәделерін алғанбыз: «Сендер Алладан басқа еш кімге сыйынбаңдар, ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар».

 «Ниса» сүресінін 36-аятында:

وَاعْبُدُواْ اللَّهَ وَلاَ تُشْرِكُواْ بِهِ شَيْئًا وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا

 «Аллаға ғбадат қылыңдар, Оған ешкімді серік қылмаңдар! Ата-аналарыңа жақсылық қылыңдар!» – деп көптеген аятта айтқан. Имам Абуллайс Самарқандий (р.х) айтты: «Егерде Алла Тғала Құранда ата-ананы құрметтеу туралы айтпаған күнде де, әр-бір ақыл-есі бар адам ол екеуін құрметтеу уажіп деп түсүну керек». Себебі, анасы оны қыйналып бойында көтерді, қыйыншылық пенен туады . Туғаннан кейін де, баласына мейірімін төгіп, ақ сүтін аямайды. Оқыстан баласы ауырып қалса, жегені, ішкені білінбей бойына сінбей, ұйқысы қашып, дертінен жазылғанша ұайым қайғыда болады.   Ал енді ата болса, олардың тамақ-асын даярлау үшін, ертеден кешке дейін қыйналып шаршайт. Қанша қыйыншылықты басынан өткізет. Бұл қылған еңбегін, жақсылықтарын ақтау-әр бір ұл және қыздың міндеті. Кейде балалары ата-ананың  алдындағы еңбегін ақтадым, міндетімді атқардым деп ойлайды. Егерде баласы анасын арқалап алып қажылыққа апарып келседе, ананың бір күндік толғақ қысқан қиыншылығын,  бір тамшы ақ сүтіне де  барабар бола алмайды. Ата-анамыздын алдындағы міндетіміз туралы Пайғамбарымыз (с.а.с) өте көп хадисте айтқан.Сулайман бин Бурайда (рахматуллохи ъалайхи) атасынан естігенін айтат: «Бір күні анасын көтеріп, алып қажылығын өтеп келген бір жігіт, Пайғамбарымыздан (с.а.с) : «Анамның ақысын ақтадымба?» - деп сұрағанда. Пайғамбарымыз (с.а.с): «Бір тамшы сүтін де ақтай алмадың», - деп жауап берді. (Тафсир ибн Касир). Бірде сахабалардың ішінде, біреусінің анасы қайтыс болады, анасының қайтыс болғанына қатты қайғырып жылайды, жылап жатқан кезде, басқа сахабалар көңіл айтып, баурым жыламағың, сабыр қыл Пайғамбарымыз (с.а.с) және Алла тағала құранда бізді сабырлыққа үйретпедіме сабыр қыл бұл мұсибат барлығымыздың басымызға келетұрған мұсибат емеспе? дейді. Әлгі сахаба айтты: менің жылағанымның себебі, пейіштің есігінен болған бір есік бүгін мен үшін жабылды, деген екен.  Ата - анаға қызмет жасап, сый - құрмет көрсетіп, ата - ананы разы қылған болса - бұл пейішке кірүге себеп болатын іс . Егер керісінше - ата-анаға кызмет кылмай, сый-құрмет көрсетпей, разы қылмақ былай тұрсын, оларға қол көтеріп карғысын алса, ата-анасы ол баласынан наразы болса,  әлбетте ол адам орны  тозок болмақ. Алла Тағланың разылығы ата-ананың разылығында. Бул туралы хадисте былай деген. Абу Умамадан  (разияллоху ъанху) риуаят келет: Бір кісі Пайғамбарымыздан (с,а,с): «Ата - ананың ақысы балаға қандай?» - деп сұрады. Пайғамбарымыз (с,а,с): «Ол екеуі сенің пейішің, не тозағың», - деп жауап берді.» (Ибн Мажа). Тағы бір хадистеАбу Дарда (разияллоху ъанху) былай деген: «Пайғамбарымыз (с,а,с)  былай деп айтып жатқанын естідім: «Ата-пейіштін ортаңғы есігі, каласаң оны сақта, каласаң сақтама». (Хааким) Ата-анаңа қызметті өз колыңменен кыласың, басқа біреуге тапсырмайсың. Себебі адам өз ұстазына, ата-анасына, падишасына, қонағына қызмет қылуы бұл - ұят нерсе емес. Осы  туралы «Рухул Баян» кітәбінде бір оқига жазылған: Бір адам ұстаз Абу Исхакка (р.х)  келіп, былай  айтты: «Кеше түні түсімде, сіздің сақалыңыз  Гаухар (асыл тас) және жақут пенен әрленгенін көрдім». Сонда Абу Исхақ (р.х): «Сен тұра айттың. Себебі мен кеше  сақалымды ұйықтар алдында, апамнын табанына сылаған едім. Бул осының белгісі» –дейді. Жоғарыда келтірген Алланың керемет бір  аятына: «Егерде олардың біреуі, не екеуі тең қартайып, кәрілік  қураққа жетсе оларға: Уф-ф – деме, зекіме және оларға жылы-жұмсақ сөйлеп, жақсы мәміле қыл» - деген мағнаға сәйкес мындай хадис келген: Бир кісінін атасы баласынын байлығын руқсатсыз істетеді екен. Осы туралы ол адам пайғамбарымызға (с.а.с)  арызданып келді. Пайғамбарымыз оның атасын шақыртты. Атасы таяққа таяанған  қарыя екен. Пайғамбарымыз (с.а.с) оның қылған ісі тұралы сұрағанда, ол кісі былай деді: «Менін балам әлсіз болған еді, мен күшті болғам. Кедей болған еді мен бай болғам. Ол кезде мен оны өз малымнан тыймайтын едім. Бүгінгі күні мен әлсізбін, ол күшті. Мен кедеймін ол бай және өз малын менен аяйт”.Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с)   көзінен жасы ағып былай айтты: «Бұны ұққан тас болсын, құм болсын жыламай қоймайт.» Одан кейін балаға: «Сен өзің де,  жинаған малың да  атаңдікі» - деп айтты. (Рухул Баян)  Ибн Аббас (разияллоху ъанху) дан: «Пайғамбарымыз (с,а,с): «Ата-анасын қурметтеген бала, ата-анасына жылы көзіменен қараса, Алла Тағла оған қабыл болған қажылықтың сауабын жазады». Сахабалар: «Егерде бір күнде жүз жолы жылы көзіменен карасақшы?» – деп сұрағанда. Ол: «Алла ұлық және айыптардан таза» (былайша айтқанда, канша жолы қараса да Алла Тағла қалағанынша берет) – деди. (Мишкат)  Алла Тағланың қазынасы шексіз, таусылмайды. Ол - берешек Зат. Ол қанша берсе де, қазынасы таусылмайды. Ата-анаға мейірім қылып, жылы көз бенен қарау - бір құлды азат қылудың,  және қажылыктын сауабына барабар.

Қурметті мусылман бауырлар, Ата-анаңа әруақытта жақсы сөз сөйле. Алла тағала қурани каримда;

وَقُل لَّهُمَا قَوْلاً كَرِيمًا Ата-анаңа ең керемет  сөз айт дейді. Қайшы айт деген жоқ, сөк деген жоқ, ұрыс деген жоқ. Атың өшкір арақ ушін, наркотик ушін, арам нәрселер үшін бүгін жылатып пенсиясын алып алғандар бар.

Ата-анаң мен отыр, баллаларың мен әйеліңмен куліп-жәйнап отырғандай. Ата-анаңның жанында 1не 2 сағат отыраласынба, отыралмйсын, не ушін ол насихат айтады, әйеліме бір нәрсе деп қояды дейсін.

Ата-анаңа ешқашан алайып қарама. Пайғамбарымыз (с,а,с) Кім ата-анаға бір рет алайып қараса, барлық жасаған сауаптары жойылады дейді. Ата-анаға бір рет алайып қараған адам, ата-ананы суйген болмайды дейді.

Ата-анаң мен жолға  шықсаң ешқашанда алдына шықпағың, жанында жүр, не артында жур, алдына шықсаң да, оларға жол салайын, бір жамандыққа душар болмасын деген мақсатта жетелегің, алдына өткің.

Ата-анаға әрқашанда жақсы сөйлегің, қайшы сөйлемегің. Егерде Ата-анаң жүк көтеріп бара жатса, жүгіріп барып қолындағы жүгін алғың. Егер құдіретің жетсе.

 Ата-анаңның біреусі атыңды айтып шақырған кезде, ақырын жауап бер. Айқайлама, ашуыңды олардан алма.

Ата-анаң үйге кірген кезде әрқашанда ассаламуалейкум деп амандас,әрдайым ассаламуалейкум мен кір. Қолыңнан келсе маңдайынан, қолынан сүйгің, сыйлағың.

Олар үйіңе келгенде ассаламуалейкум айтса, жүгіріп алдарынан шық, мейірімділік көрсет. Тағы неменеге келдің демегің.

Ата-анаң мен тағам жегенде, ешқашан олардан бұрын тағамға қолыңды созбағың, олардан бұрын бастама.

Ата-анаң сапарға шықанда, Алла тағала сапарыңызды оң қылсын, жолыңыз хайырлы болсын, деп жақсы батаңды айт, жақсы сөзбенен ұзатқың. Құтылдым деме, қудайға шукір кетер кунің бар екен, деме.

Әр қашан ата-анаңа намаздан кейін дуға қыл.

Әрект қыл сыйлық алып бер қартайғанда ата-анаңа бір қуантқың, картайғанда бір кішкентай бала сйяқты. Кішкентай балаңа бір мәмпәси алып берсең балаң қандай қуанып қалады, тұра сол сияқты ата-анаңдыда солай сыйлық алып бергің.

Олар сенен еш нәрсе талап қылмайды. Жақсы бір сөзің менен мәміле қыл. Сен олардан ешнәрсе талап қылма.Пайғамбарымыз (с,а,с) бір хадисінде былай дейді;

من كان يؤمن بالله واليوم الآخر فليكرم ضيفه

Кім алланың барлығына бірлігіне және ахірет күніне сенсе онда қонағын сыйласын дейді. Егер бугін ата-анаңды, ата-ана қатарлы сыйлайалмасаң, қонағың ретінде сыйла.Қонақ ретінде сыйлағың, келген қонақтың кетері бар.  Ол бугін сенің үйіңде мейман, қонақ. Ертең іздепте таппай қаласың, тұмсығыңмен жер шұқысаңда таппай қаласың. Қурметті мекендес, жаратқан Алла уә тәбәрәкә тәғәлә бәрімізгі ата-анаға жүрегімізбен суйуді нәсіп етсін. Мына бугінгі мақаламызды оқығаннан кейін, араларымызда ата-анаға қатты сөйлеп қойған адам болса, дереу ұялы телефондарыңды алып хабарласып қойғың, үйге барғанда  кешірім сұрағың, айтқың: Анашым-әкетай  жәннәтім сіздердің табандарыңыздың астында екен, пейішім саған қызмет қылу екен де. Егер үйіңе барғанда ата-анаң бұл дүниеден өтіп кетсе, олардың артынан дуға, истиғфар айт. Дәулетің жетсе мешіттерге жайнамаз төсепқой, көшеңдегі жолыңды жөнде, тал ек, ауылыңа арықпен су жүргіз саубы ата-анама барсын деп дуға жаса. Себебі, ол жайнамазда қаншама инсан намаз оқыса, сенің соққан жолыңнан, адам жүрсін хайуан жүрсін, еккен талыңның жемісін адам жесін, мейлі шібін-шіркей жесін, жүргізген суыңнан адам немесе хайуан ішсін сауабы атама-анама барсын десең, сауабы барады.

Аллам біздің тәнәмізді, ата-анамыздың тәнін дозақ отынан қутқарғың я, Роббәл ғаламин. Аллахым бізге ата-анамыз қандай мейірімменен суйіп өсірген болса, сенде оларға мейірімді болғың я, Роббәл ғаламин. Аллам өткендерді өзіңнің рахымыңа алғың. бейіштен қылғың.Және бұл дүнйеге алып келген ата-анамыздың денесін дозақ отынан құтқарғың.   

Ата –аналарымыз  Бактты болсын! Амин

Жамбыл облысы зекет қорының өкілі,

 Бегалы-ата мешітінің бас имамы

Бөлегенов Ерлан Абуталипұлы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: