ҚР СІМ: Сауд Арабиясы журналисінің өлтірілуін қатаң түрде айыптаймыз

ҚР СІМ: Сауд Арабиясы журналисінің өлтірілуін қатаң түрде айыптаймыз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы журналисінің өлтірілуін қатаң түрде айыптайды. Ведомствода өткен баспасөз мәслихатында ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров осылай деп мәлімдеді.

«Саудиялық журналистің өлтірілуіне қатысты біз жасалған қылмысты қатаң түрде айыптайтынымызды хабарлаймыз. Қорытынды тергеу жұмысының соңын күтеміз» деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, Сауд Арабиясының билігі журналист Джемаль Кашикчтың елдің Ыстанбұлдағы бас консульдығында болған төбелес кезінде көз жұмғанын жариялаған еді. Сауд Арабиясының SPA агенттігінің деректеріне сүйенсек, Корольдіктің бас прокуратурасы осы оқиғаны тексерген. Тексеру нәтижесінде журналист консульдыққа кіргеннен кейін Сауд Аравиясының басқа азаматтары арасында төбелес болған.  Салдарынан Джемаль Кашикчы көз жұмған.

САК Бас прокуратурасының ақпаратына сәйкес, журналистің өліміне қатысты оқиға тергеп-тексеріліп, Сауд Арабиясының 18 азаматы ұсталған. Ресми билік журалист өліміне қатысты кінәлілер міндетті түрде анықталып, жазаланатынын хабарлады.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: