Қытай үкіметі «лаңкестік әрекеттердің жүгенсіздігіне» жол бермеу үшін ақылға сыймайтын шектеу шараларына баруда. Бұл жөнінде Radio Free Asia радиосына берген сұхбатында Синьцзян автономды ауданының бұрынғы тұрғыны мәлімдеген.
Сұхбат беруші келіншектің айтуына қарағанда, ол Қытайда наубайхана ашқан екен, алайда өндіріске қажетті қант сатып ала алмаған, өйткені аудан билігі қант жарылғыш құрылғылар жасауға қолданылуы мүмкін деп қауіптеніп, қантты мұсылмандарға еркін сатуға тыйым салып қойған.
Бұл қауіптердің нақты неге негізделгені айтылмаған, алайда ислам дінін ұстанушыларды қант сатып аларда құқық қорғау органдары берген арнайы рұқсат қағазын көрсетуге міндеттеп қойған екен.
Ал бұл рұқсат қағазын елдің бәрі дерліктей ала алмайтындығы белгілі болған. Мысалы үшін, туыстары қайта тәрбиелеу лагерлерінде немесе арнайы қызметтің «қара» тізімінде болғандарға қантты көру жоқ.
Тіпті рұқсат қағазын алғандардың өздері де тек бірнеше жүз грамм қантқа ғана қол жеткізе алатын күйге жеткен.
asyldin.kz