АҚШ Сирия мешітін қиратуға себеп тапты

АҚШ Сирия мешітін қиратуға себеп тапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

АҚШ бастаған Халықаралық одақ әуе соққысы салдарынан жермен-жексен етіп жойылған мешітке сылтау тапты.

Одақ басшылығының мәлімдемесіне сәйкес, соғыс кезінде діни нысандарды қорғауды көздейтін әдетке қарамастан соққы жасауға шешім қабылданған, өйткені сол мешітте Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті» деп аталатын лаңкестік топтың штабы орналасқан-мыс. Соққылау нәтижесінде ондаған лаңкестер жойылған-мыс.  

АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының басшысы Джозеф Вотелдің мәлімдеуінше, ол әскерилердің әрекетіне разы, өйткені мешіт заңды негізде соққы нысанасына айналған.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада Ас-Суса ауылында орналасқан Әл-Осман мешітіне жұма намазы аяқтала сала әуе соққысы жасалған. Нәтижесінде ондаған бейбіт тұрғын қаза тапқан.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: