Салдарынан екі мыңнан астам адам қаза тапқан Индонезиядағы Сулавеси аралында орын алған жер сілкінісі мен цунамиден келген шығын шамамен 13,8 триллион рупийді, ал долларға шаққанда 911 миллионды құрайды.
Бұл жөнінде дүлей апат салдарын жою жөніндегі Ұлттық басқарма деректеріне сілтеме жасай отырып Jakarta Post газеті мәлімдеген.
Сондай-ақ, зілзала салдарынан болған зиян мен шығынның саны арта түсуде делінген.
"Тұрғын секторы ең үлкен зиянға ұшыраған. Палу шығанағы жағалауында орналасқан барлық ғимараттар дерліктей қираған немесе қатты жапа шеккен", - деп атап өткен басқарма өкілі Сутопо Пурво Нугрохо.
Естеріңізге сала кетсек, 28 қыркүйек күні индонезиялық Сулавеси аралы дүлей апатқа ұшыраған болатын. Соңғы мәліметтерге сай, 2 256 адам қаза тапса, 4,6 мыңнан астам адам зардап шеккен.
asyldin.kz