Мәскеуде Иеменнен келген хафиз «Құран мейрамының» жеңімпазы атанды

Мәскеуде Иеменнен келген хафиз «Құран мейрамының» жеңімпазы атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ресей астанасында өткен ауқымды «Құран мейрамы» аясындағы XIX Мәскеу халықаралық Құран оқу байқауы өз мәресіне жетті.

Йеменнен келген хафиз Абдел Хаким әл-Аусаджи байқау жеңімпазы атанса, екінші орынды - Тунистен келген Мұхаммед Абдул-Кадир, үшінші орынды – БАӘ келген Уалид әл-Марзуки, ал төртінші орынды Босния мен Герцеговинядан келген Харис Карпо иеленген.

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, жалпы алғанда аталмыш шараға әлемнің 30 елінен келген Қасиетті Құранды жатқа мәнерлеп оқитын танымал оқушылар өзара жарысқа түскен.

Ресейден бұл байқауға осы жылдың маусым айында өткен Жалпыресейлік Құранды жатқа оқушылар байқауының бірінші орын иегері - Тульск облысынан келген хафиз Фархудинов Айемиддин қатысып, өз күшін сынап көрді.

Сонымен қатар, көрермендер «Құран мейрамына» арнайы шақырылған меймандардың Құран аяттарын нақышына келтіре оқығанына тәнті болды. Арнайы меймандардың қатарында «Ауғанстанның алтын дауысы» атанған Абдул-Кабир Хайдари және Сауд Арабиядан келген танымал мәнерлеп оқушы шейх Амир әл-Мухальхаль де болған.  

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: