Тұрғындарының басым көпшілігі мұсылмандар болып табылатын Алжир елінің үкіметі мұсылман қыз-келіншектерге жұмыс орнында бет-әлпетті жауып тұратын никаб киюге тыйым салды.
"Қызметкерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің дресс-кодқа қатысты міндеттері" деп аталатын мәлімдемеге сәйкес нәзік жан өкілдері «олардың мүдделеріне жауап беретін қауіпсіздік пен байланыс талаптары мен ережелерін сақтауға міндетті және олардың жеке басын сәйкестендіруді талап етеді» деп келтірілген.
Естеріңізге сала кетсек, Алжирде ұстамды және консерваторлық ислам түрлерінің текетіресі орын алуда. Қазіргі таңда үкімет басында ұстамдылар билік етіп отырғандықтан, елдің нәзік жандыларының көпшілігі никаб кимейді.
asyldin.kz