Түркияның Ялова шет аймағында орналасқан мешіттердің бірінде жамағат 37 жыл бойы ислам діні талап еткендей Меккедегі Қасиетті Қыблаға қарап құлшылық етпей келгені белгілі болғанда жанжал шыққан.
Daily Sabah ресурсына сілтеме жасай отырып, "Известия" газеті мәлімдегендей, 1981 жылы құрылыс барысында кеткен қателіктен аталмыш мұсылман ғибадатханасы Қасиетті Қағбаға бұрыс бұрышпен қарап кеткен екен, дәлірегінде, 33 градусқа бұрылып кеткен.
Мешіт имамы Иса Кайя едендегі кілем үстіне намаз оқуда дұрыс бағытты білдіретін көрсеткіштер сызып – бұл мәселеден шығудың жолын тауып қойған.
Бұл мешітке Дін істері жөніндегі басқарма өкілдерінің келгені айтылған. Мешіт жамағатына ислам дініне сай егер мүмін адам дұрыс бағытты білмей, Мекке жаққа қарамай намаз оқығаны күнә болып саналмайтынын, сол себепті 37 жыл бойы оқылған намаздардың қабыл болатындығын айтып түсіндірген.
asyldin.kz