Францияда «жихадқа қолдау көрсеткені үшін» мұсылман орталығы жабылды

Францияда «жихадқа қолдау көрсеткені үшін» мұсылман орталығы жабылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Францияның Гранд-Сент коммунасында Захра мұсылман орталығы жабылды. Франция үкіметі бұл орталыққа «радикалды исламды» және «қарулы жихадты мақұлдайтын хабарламаларды таратуға» қолдау көрсеткен деп айып тағып отыр.  Euronews ресурсының мәлімдеуінше, аталмыш орталықты жабу туралы шешімді тікелей префектің өзі қабылдаған екен. 

Орталықтың негізін қалаушы Яхиа Гуамси Антисионистік партия деп аталатын ұйымның басшысы болып табылады әрі бірқатар палестиналық әскери ұйымдарға қолдау көрсеткен деп күдіктелуде. 

Естеріңізге сала кетсек, қазан айының басында БАҚ өкілдері және Islam-Today порталы «Centre Zahra France» қауымдастығының штаб-пәтерінде жүргізілген тінту туралы мәлімдеген болатын.  Операция нәтижесінде, үш азамат тұтқынға алынған. Сондай-ақ, оларға заңсыз қару-жарақ сақтаған деген айып тағылып отыр.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: