Мұсылман келіншек бейнесі купюрада бейнеленбек

Мұсылман келіншек бейнесі купюрада бейнеленбек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2020 жылы Ұлыбританияда шығатын жаңа 50-фунт ақшаға мұсылман келіншек бейнеленетін болды.

Metro газеті мәлімдегендей, тиісінше петицияны ғаламторға белсенділер жариялаған екен. Алғашқы тәулікте-ақ аталмыш петиция мыңнан астам қол жинап үлгеріпті. Сонымен қатар, бұл бастаманы бірқатар британ тарихшылары да қолдаған.

Жаңа ақшада гитлерлік фашизммен күресу жолында өз өмірін қиған мұсылман келіншек Нұр Инаят Ханның бейнесі бейнеленетін болады.

Нұр Мәскеуде хазірет Инаят Хан мен америкалық Әмина Бегумның отбасында дүниеге келген. Содан кейін отбасы Лондонға, кейін Парижге көшіп кетеді.

Нұр Инаят Хан Сорбонна университетін тәмамдаған, ал соғыс басталысымен еріктілер әскеріне алынады.

Әскери басшылық мұсылман келіншекті тыңшы ретінде Парижге жібереді, ал ол Үшінші рейхтың жаңалықтарын Лондонға хабарлап тұрған. 1943 жылы фашистер  біліп қойып, оны қолға түсіріп, Дахау концлагеріне жібереді, ал бір жылдан кейін ол атылып кеткен.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: