Серікбай қажы Ораз əл-Азһар университетінің шейхымен кездесті

Серікбай қажы Ораз əл-Азһар университетінің шейхымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Египет Араб Республикасына жасаған ресми сапары барысында Каир шаһарында орналасқан  əлемге əйгілі əл-Азһар университетінің шейхы  Ахмет Тайыппен кездесті.

Кездесуде əлемдегі мұсылман үмбетінің бірлігі, Астанада əр үш жыл сайын өтетін Əлемдік жəне дəстүрлі дін лидерлері съезінің діни татулықты нығайтудағы рөлі, екіжақты келісім аясында діни маман даярлау, Нұр Мүбəрак университетінің жұмысын жетілдіру, т.б. мəселелер талқыланды. Сонымен қатар Қазақстан мен Египет Араб Республикасы арасындағы бауырластық, достық пен тарихи байланыстар сөз болды.

Басқосу барысында дін қайраткерлері терең білімді теологтарды даярлау бағытында əріптестік байланысты жандандыруға уағдаласты.

Өз кезегінде Бас мүфти ҚМДБ қызметкерлерінің əл-Азһар университетінде ілімін толықтырып, тəжірибеден өтіп жатқанын, бұған қолдау білдіріп отырған оқу орнының басшылығына алғыс білдірді.

muftyat.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: