Ресейдің Орталық банкі Шешенстан Республикасының астанасы Грозныйға 200 жыл толуына орай естелік монета шығарды. Бұл жөнінде елдің басты қаржы мекемесінің баспасөз қызметі мәлімдеген.
Шығарылған мерейтойлық монеталардың номиналы – 3 рубль. Ол күмістен жасалған. Монетаның бір бетінде «Грозный қаласының негізі қаланғанына 200 жыл» деген жазу бар.
Монетаның екінші бетінде «Грозный-Сити» биік ғимараттар кешені аясында орналасқан Ахмат қажы Қадыров атындағы «Шешенстан жүрегі» мешіті бейнеленген.
Естелік монетаның таралымы – екі мың дана.
Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың 5-ші қазан күні Грозный қаласының негізі қаланғанына 200 жыл толуы аталып өтетін болады.
asyldin.kz