«Неге мектептерден мешіттер көп?» деген сауалға Қырғызстан президенті жауап берді

«Неге мектептерден мешіттер көп?» деген сауалға Қырғызстан президенті жауап берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков республикада мектептерден мешіттер көп деп жүретін БАҚ өкілдерінің мәлімдемесіне түсініктеме беруге бел буды.

Мемлекет басшысының айтуына қарағанда, Қырғызстанда расымен мектептерге қарағанда мешіттердің көп болуы – жақсы көрсеткіш.

«Мешіттер көп болса, ар-ұжданды балалар көп болады. Ал медреселер көп болса, ұжданды жастарымыз көп болады», - деп атап өткен Қырғызстан көшбасшысы.

Дегенмен, оның пайымдауынша, елде экстремизм мен лаңкестік әрекеттерге жол бермес үшін, әрбір діни мекемелердің үстінен мемлекеттік бақылау болу қажет.

«Біз ата-бабамыздан бері келе жатқан дәстүрлі дінімізді ұстануымыз тиіс», - деп атап өтті С.Жээнбеков.

Айта кету керек, қолда бар зерттеулерге сәйкес, қазіргі таңда Қырғызстанда мектептер тапшылығы қатты алаңдатуда – республикада мектеп жасындағы 1 миллион 175 мың 780 бала бар, ал барлық мектептердегі бала сыйымдылығы тек 600 мың ғана.

Мектеп оқушылары 3 немесе 4 ауысыммен оқуға мәжбүр болуда, ал сыныптағы оқушылардың саны 55-ке жетуде.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: