Израиль үкіметі елдегі ең кеңінен таралған есімді атады. Ол - мұсылмандар арасында кеңінен таралған Мұхаммед есімі болып шықты.
Израиль халық санағы және көші-қон мәселесі бойынша агенттігінің баяндамасында келтірілгендей, соңғы 12 айда елде 168 мың жарым бала дүниеге келген екен.
Жаңа туған ұл сәбилерге берілген есімдердің арасында бірінші орында Мұхаммед есімі тұр. Одан кейін Йосеф, Ариэль, Омер, Адам, Давид, Даниэль, Лави, Эйтан және Ури есімдері.
Ал қыздардың арасында кеңінен таралған есімдер - Тамар, Авигейл, Мириам, Сара, Адель, Яэль, Ноа, Шира, Нойя және Лия.
Айта кететін жайт, Мұхаммед есімі соңғы бес жыл қатарынан кеңінен таралған есімдер арасында бірінші орында келеді.
Кейбір деректерге сай, бұл есім әлемдегі ең көп тараған есімдердің бірі болып табылады, өйткені мұсылман елдірінің басым көпшілігінде аталмыш есім баланың екінші есімі ретінде дерліктей әрбір ұлға беріледі.
asyldin.kz