БАӘ ғарыш бағдарламасы аясында ғарыш кеңістігін баурап алуға аттанатын алғашқы ғарышкерлердің есімдері белгілі болды.
Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы, БАӘ Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бин Зайид әл-Нахайянның мәлімдеуінше, Халықаралық ғарыш станциясына баратын алғашқы ғарышкерлер – ақпараттық технология профессоры Сұлтан Сейф Әл Неяди және әскери ұшқыш Хазза Әли Әл Мансури.
Олар ХҒС ұшға арнайы дайындықтан өту үшін Ресейдегі Жұлдызды қалашыққа аттанады.
БАӘ азаматтары 2019 жылдың сәуір айында ғарышқа ұшады деп күтілуде. Олар «Союз» ғарыш кораблінде халықаралық экипаж құрамымен бірге 10 күндей болады.
asyldin.kz