Жұбайымен жылы сөйлес

Жұбайымен жылы сөйлес

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Отбасы бақытының орнығуы үшін отағасы жұбайына жақсы қарап, шама келгенше түсіністік танытуы қажет. ل » َیاُرك ِخ ِ ْم ِه َ ائ ِس نِ َوخ ْم ُ َیاُرك ِ ُخ ْم ُ ل ُ أ قا َ ْح َسن ان َ إِیم ُهْم ُ ال اً ن ْ ِم ُمؤ ْ أ ی َن ِ ك َ َمل ْ ُ »

«Мүміндердің иман тұрғысынан ең кəмілі – мінез-құлқы көркем болғандар. Ең жақсыларың – əйелдеріне жақсы қарағандар», – деген Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) кісінің бұл қасиетін жоғары бағалаған. Отыз тістен шыққан сөздің отыз рулы елге тарайтынын білетін мұсылман тіліне абай болған жөн.

Əйел баласы нəзік, сезімтал келеді. Жұбайымен сөйлескенде осы қасиеттерді ескергені лəзім. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) өз хадистерінде оларды күшпен жөндеудің мүмкін еместігін, сондықтан олармен қарым-қатынаста жылы-жылы сөйлеп қана жөнге келтіруге болатынын айтқан. Айша анамыз Əз елшісінің отбасындағы өзін-өзі ұстауын былай деп баяндайды: «Алла елшісі (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) əйелдерімен жалғыз қалғанда адамдардың ең жұмсақ мінездісі, ең мейірімдісі еді. Əрдайым күлімсіреп тұратын. Қарақан басы үшін ешкімді ренжітпейтін, ал діннің бір əмірін орындау үшін басқа ешкімге құлақ аспайтын. Харам іс-əрекет жасаушыға ең қатал жазаны бере алатын.

Сахабаларының қасында ешқашан аяғын созып отырмайтын. Кейде аяқкиімін жамау, киімінің сөгілген жерін тігу сияқты қызметшілердің жұмысын өзі атқара салатын. Бірақ мұны өте сирек жасайтын. Бұл оның керек жағдайда осылардың бəрін өзі жасай алатынын көрсеткені еді». Ислам діні – ізгі тəрбиенің ұясы. Кез келген мұсылман осы тəрбие мектебінің бірден-бір шəкірті ретінде сырт көзге əрдайым жақсы қырынан танылуы тиіс.

Қазақтың дала философиясында «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген бар. Нағыз мұсылман əйелі мен бала- шағасын еш уақытта кемсітпейді. «Сенен қайбір адам шығады дейсің?», «Түбінде адам болмайсың», «Қолыңнан түк келмейді» деген сияқты шамына тиетін сөздер иман иелерінің ойына кіріп те шықпауы керек. Құранда Алла тағала былай дейді:

أ َّ ُن َیك ْیًرا َخ َولا َ اٌء ِس ن ّن ِم ا ٍء َِّس ن َع َسى ن َ ِم َ ن ّ َیك ْیًرا َخ ُهْم ْ ُ نوا أ وُ ق َع َسى ن َ ق ّن ِم ٍ ْوم َ َ ر َی ْسخ ْوٌم َ ُو ن َآم َلا ْ ال ا أ ی َن ِذَّ َ یَها َیا ُّ ِم ن ّ ُهن ْ َّ

«Уа, мүміндер, бір қауым басқа бір қауымды мазақ етпесін. Өйткені мазаққа ұшыраған қауым мазақ еткен қауымнан əлдеқайда жақсы болуы мүмкін. Əйелдер де бірін-бірі кемсітпесін. Кім білсін, мазаққа ұшыраған əйелдер мазақ қылған əйелдерден əлдеқайда қайырлы шығар».

Алла тағаланың осы ескертуін еске ұстаған мұсылман біреуді келеке етіп тырнақ астынан кір іздемей, алдымен өз кемшіліктерін түзетеді. Əйелге зорлық-зомбылық көрсетуді дініміз құптамайды. Кей еркектердің қыңқ етсе əйеліне жұдырық ала жүгіруі де Аллаһ разы болар ісі емес. Жаратылысынан нəзік əйел баласын Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) қабырға сүйегіне теңеп былай деген:

َوف َ ٌج ِعو ا ْست ِبَها یَها ِ ت ْم َ ْعت َ ا ْست ِبَها َ ت ْم َ ْعت َ إِن َ َ ْرت َسك َو ْ أ َها َ َ ق ت ْم َ إِن َها َ ك ْ َ ال ِّضل ِع ْ ال َمْر ْ أ َ ة ُ

«Əйел қабырға сүйегі секілді. Түзетуге тырыссаң, сындырып аласың. Егер сол күйінде қалдырсаң, иілген күйінде қызығын көресің». Хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) адам табиғатының ерекшелігін теңеу тəсілін қолдана отырып баяндап берген. Яғни, əйел баласының өзіне тəн нəзік табиғаты бар. Оны дəл сол күйінде қабылдаған жөн. Əсілінде, еркектердің де өзіне тəн табиғаты бар.

Отбасында түсіністік орнауы үшін ерлі-зайыптылар осы ерекшеліктерді біліп, бір-бірінің қыңыр қасиеттерін, яғни өздеріне ұнамайтын мінездерін түсіністікпен жуып-шаюы да аса маңызды. Əйтпесе, бір-бірін жөнге саламын деп күпініп жүргендердің керегелері кеңге жайылғаннан гөрі, араларының суынғаны көп кездеседі. Сонымен қатар, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) «Олар қабырғадан жаратылған, түзетуге тырыссаң сындырып аласың. Оған жақсы қарым-қатынас жасап, онымен бірге өмір сүр» деу арқылы əйелдердің нəзік жаратылысына көңіл аударып, жақсы қараған жағдайда тату-тəтті өмір сүруге болатынын айтуда.

Имам Ғазали бұл хадисті талдау барысында əйелдің бойында кездесетін кейбір нашар мінездерге кешіріммен қарау керектігін айта келіп: «Күйеудің əйелмен жақсы қарым-қатынас жасауы – əйелдің ақысы. Көркем мінез көрсетудегі мақсат əйелге жəбір көрсету емес, оның еркелігіне шыдап, пайғамбар көрсеткен үлгі бойынша шатақ мінез бен дөрекілікке жұмсақтықпен жауап беру» – деген тоқтамға келеді.

Алла тағаланың разылығына бөленгісі келген мұсылман өз əйелін жəбірлемейді. Жəбірлеу деген ұғымның аясында əйелін ұрып-соғу, балағаттау, үйінен қуу немесе өзі үйін тастап кету, дауыс көтеру, қабағын түйіп жүру, дөрекілік таныту секілді жағымсыз əрекеттер тоғысады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) бір күні сахабаларына: «Адамдардың ең жаманы – отбасына қиыншылық көрсеткен кісі», – дейді.

Сахабалар: «Уа, Алланың елшісі, отбасына қиыншылық көрсету дегенді қалай түсінеміз?», – дегенде, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) мұндай адамды былай деп суреттейді: «Ол адам босағадан аттағанда əйелі үрейленеді, балалары қорқып қашады. Үйінен шығып кеткенде əйелінің жүзі жадырайды, отбасы мүшелері кең тыныс алады».

Мұсылман адам хадисте айтылғандай үйіне келгенде əйелі мен бала-шағасының жүрегіне үрей ұялататындай содыр мінезді болмауы тиіс. Керісінше ұл-қыздары сағына тосатын, табалдырықтан енгенде жұбайы күйеуінің амандығына шүкіршілік айтатын, балалары қуанып мойнына асыла кететін сыйлы отағасы болғаны жөн. Мұның бəрі ер кісінің мейіріміне, мінез- құлқының жайдарлығына байланысты. Сондықтан Расулаллаһ (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) еркек атаулыны осындай мінезге шақырып былай дейді: «Жұмсақтық пен сыпайылықтан мақұрым болғандар жақсылықтан да құр алақан қалады», ك ُ ل الأ ُه َّ ْ َ َرف ُّ ِب ُیح ْ َق الِّرف ِفي ْمِر یق ِ االله ٌ َّ َ َّإِن «Алла тағала мейірімді һəм жұмсақ. Əрбір істе де мейірімділік пен жұмсақтықты жақсы көреді».

Ер кісі түзде кездескен қиыншылықтарын өзімен бірге шаңырағына ала келмегені дұрыс. Басқаларға ашуланып келіп бала-шағасының шаңын қағып алудың барып тұрған қатыгездік екенін əсте білгені жөн. Болмашы нəрселер үшін шу шығарып, бала-шағасын отырса опақ, тұрса сопақ қылып отырса, ол үйге бақ та, береке де жуымасы анық. Бұл бір жағынан кісі ақысына қол сұғу болып табылады.

«Кісінің құқығын таптаудан сақ болыңдар. Себебі біреудің құқын аяқ асты ету қиямет күні кісінің өз басына зұлымдық боп тиеді» деген хадистен өзгенің құқын таптау дегеннің тек қана біреуді ұрып-соғу, малын қолынан тартып алу емес екенін, кісінің көңілін қалдыру, ар-ұятына қол сұғу сияқты əділетсіздіктердің де адам құқының сақталмауы екенін көреміз. Ал, мұсылманның мұсылман бауырына жамандық жасауы дінімізде харам іс болып табылады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: