Бір-біріне дұға ету, құлшылықтарын орындауға жəрдемдесіңдер

Бір-біріне дұға ету, құлшылықтарын орындауға жəрдемдесіңдер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылман болғаннан кейін басқа да мұсылмандарға, оның ішінде отбасы мүшелеріне жиі- жиі дұға етіп отырған дұрыс. Өйткені бұл дұға – қабыл болу мүмкіндіктері мол дұғаның бірі.

ال ِبظ ْی ِب َغ ْ ِلأ ْهِر َ یه ِخ َ ال ِ َمْرء ْ إِ َجاَبة ُد َعاُء ِ أ ٍ ْسَرع َ َة َد ْعو َو ُ أ ٍ ك ْوش َ ُ َ «Ең жылдам қабыл болатын дұға мұсылманның діндес бауыры үшін сырттай жасаған дұғасы»[133], ِبم ث ِ ل ٍل ْ ك َ آم َو َ ِبه: ی َن ِ ال ِ ل ُمَوك ْ َّ ُ ال َم ْ ل ك َ ُ ق ال َ َ ال ِبظ ْی ِب َغ ْ ِلأ ْهِر َ یه ِخ َ َمن َد َعا ِ ْ

«Бауыры үшін сырттай дұға еткен мұсылманға періштесі: «Əмин! Өзіңе де бұйырсын» – деп айтады»[134], – деген хадистерден осыны ұғамыз. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне жақсылық тілеуі өздеріне жақсылық тілеу деген сөз. Жұбайлар бір-біріне жасаған жақсылықтары үшін жоқ дегенде алғыс айтып, дұға тілеуді əдетке айналдыруы қажет. «Кімде-кім өзіне жақсылық жасағанға «Алла саған жақсылығын берсін» десе, ана адамның бұған жасаған жақсылығынан да үлкенін жасаған болады»[135] дейді Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм).

Бір-біріне жасаған жақсылықтары үшін «Алла саған разы болсын» деу алғыстың ең үлкені. Жұбайлардың бір-біріне қарғыс айтудан өткен жамандықтары жоқ. ل كَ ف ْم ُ َعط ِ ی ُب َج َی ْست َ ُی ْسأ یَها ِف اٌء َ ل َ َسا َعة ُ االله ً ُِق َ اف ُو ت ِمْن َِّ أ َلا وا ْمَو َ ْم ُِك ال َعل َولا ى َ أ َ ْولا َ ْم ُ ِدك َ َعل َولا ى َ أ َ َ ن ك ُ ِس ف ْ ْم ُ َعل ت ى َ َلا ْدُعوا َ «Өз-өздеріңе, бала-шағаларыңа, дүние-мүліктеріңе қарғыс айтпаңдар. Алла тағала барлық дұғаларды қабыл алатын бір сəтке дөп келіп қалып, қарғыстарың қабыл болып кетер»[136], – деп Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) бұған тыйым салған.

Сондықтан жұбайлар бір-біріне тек қана жақсылық пен ізгілік тілеуі керек. Егер ері мен əйелі құлшылық міндеттерін атқармаса, осы дүниенің өзінде көптеген жақсылықтардан қағылатыны секілді ақыретте де орны толмас қасыретке тап болады. Екі дүниенің бақытына бөлену үшін екеуі бір-бірінің ғибадат етуіне жағдай жасап отыруы қажет.

Құран кəрімде: ُیؤ ال َّصلا َو ُو َن ت ْ ة َ ُیق َ ُ ون یم ِ ال َو َ نك ُم ْ َین َعِن ِر َ َهْون ْ ِبال َو َ َمْعُروف ْ َیأ ِ ُمُرون ْ أ َبْع ٍض َ َ ْول َوال ُ ْم ُ ه َبْعض َیاُء ِ ن ْ ِم ُمؤ ْ ات َ ُ َوال ُو َن ن ْ ِم ُمؤ ْ االله َّ ُ أ َسَیْر َحُمُهُم ُ ول ِك ئ َ َر ُسول االله َو ُه َ َّ َ ُیط ك الز َو یُعو َن ِ اة َّ َ َ

«Мүмін ерлер мен əйелдер бір-бірінің досы һəм жанашыры. Олар жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыюға тырысады. Намазды толық орындайды, зекеттерін береді. Алла тағалаға жəне пайғамбарына бағынады. Міне соларды Алла тағала шексіз рақымына бөлейді»[137], – делінген.

Сахабалар дəуірінде дін жолында құлшылық мақсатымен бір-біріне демеу болған ерлі- зайыптылардың өмірлерінен көптеген ғибратты оқиғаларды мысалға келтіре аламыз.

Мысалы, بون ُ ِح ت ُّ ِمم َ ت ا َّ نُ ُِفق ْ َحت وا َّى ال ت ِبَّر ْ نَ ال َ ُ ل وا ْن َ

«Жақсы көрген мал-мүліктеріңді Алла жолында жұмсамайынша, ізгілікке қол жеткізе алмайсыңдар», – деген аят түскен кезде, сол заманның атымтай жомарты атанған Əбу Талха өзінің ең жақсы көретін құрма бағын садақа етіп жібергенде, əйелінің бар айтқаны «Ол бақты өз атыңнан садақа еттің бе, əлде екеуміздің атымыздан ба?» еді.

Əбу Талха екеуінің атынан бергенін айтқан кезде жұбайы төбесі көкке бір елі жетпей балаша қуанған болатын. Əбу Əйюб Ансаридің (р.а.) əйелімен бірге күңге азаттық беруі, Жумахидің (р.а.) бүкіл алтынды беріп жібергенде əйелінің лəм-мим демеуі біздер үшін өмір мектебінің үлкен сабағы болса керек.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: